08.05.2024, 20:06 65391

Алматы маңында төрт көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты

Қайғылы оқиға 8 мамырда Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 41-шақырымында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mitsubishi Lancer жүргізушісі рөлге ие болмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Nissan Cefiro көлігімен соқтығысты.

Соқтығысу салдарынан Nissan Cefiro инерция бойынша жолдың шетінде тұрған Mitsubishi Pajero Sport пен BMW X5 көліктеріне соғылды.

Оқиға орнында Nissan Cefiro жүргізушісі, Mitsubishi Lancer жүргізушісі және оның жолаушысы қаза тапты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны