17.07.2024, 09:48 117036

Алматы облысында қатты жаңбыр салдарынан ағын судан жүк көлігі жол жиегіне шығып кеткен

Алматы облысында қатты жаңбыр салдарынан ағын судан жүк көлігі жол жиегіне шығып кеткен
16 шілде күні, сағат 15.58-де бұршақ аралас нөсер жауынның салдарынан республикалық маңызы бар Көкпек-Кеген-Түп автокөлік жолының 26-32 шақырымын Ақсай ауылының маңындағы таулы аймақта жауын-шашын салдарынан ағын судың қалыптасуы орын алғаны бәріңізге белгілі. Сонымен қатар жауынның салдарынан ағын судан жүк көлігі жол жиегіне шығып кеткен еді, деп хабарлайды аудан әкімшілігінің баспасөз қызметінен.

Осыған орай, жолды тазалау жұмыстарына Кеген, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарының арнайы техникалары жұмылдырылды.

Аудан әкімдігі тарапынан тиісті мекемелер мен жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктеліп, мәселені қатаң бақылауда ұстап, дер кезінде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

Жүк көлігі дер кезінде балшықтан шығарылды.

Оқиға орнына 17 қызметкер жұмылдырылды.

Олар: ТЖД (5 адам және 2 бірлік техника), ПД (7 адам және 4 бірлік техника), әкімдіктен (3 адам және 2 бірлік техника), сондай-ақ Қазавтожол қызметкерлері (2 адам және 2 бірлік техника).

Сағат 17.00-де жаңбыр тоқтап, су деңгейі түсті.

Автокөлік қозғалысы штаттық режимде жұмыс жасауда.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны