10.01.2025, 15:46 4631
2025 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуда қандай өзгерістер күшіне енді
Достарға айту
Президент тапсырмасы бойынша мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру шеңберінде елімізде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген "Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа Заң әзірленді. Құжат тендер өткізу рәсімдерін оңтайландыруға, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, өзгерістер келесілерге әсер етті:
конкурс өткізу мерзімі қысқартылды (конкурстық құжаттаманы талқылау 5 жұмыс күнінен 2 жұмыс күніне дейін; өтінімдерді қабылдау 15 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін; өтінімдерді қарау және қорытындылау 10 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне дейін);
құрылысқа байланысты жұмыс бойынша қоғамдық мониторинг енгізілуде. Жұмысты орындау кестелерін, шарттардың орындалуы туралы есептерді жалпыға қолжетімді ету, шарттардың орындалуын бақылауға жұртшылықты тарту жоспарлануда;
сатып алу нәтижелеріне шағымданудың жаңа тәртібі іске асырылуда. Сатып алуды жедел жүргізу және рәсімдердің кешіктірілуін болдырмау мақсатында шағымдарды сатып алуды ұйымдастырушының өзі қарайтын болады.
аз мөлшердегі сатып алулар бойынша 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды, 500 АЕК-ке дейінгі жұмыстар мен қызметтерді бір көзден алу құқығы енгізілді. Ауылдық әкімдіктер үшін бір көзден сатып алудың шекті мөлшері 3 000 АЕК-тен 4 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында осы санаттағы субъектілерден құны 50 000 АЕК-тен аспайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың басым құқығы белгіленді;
ішкі нарықты қолдау мақсатында ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу арқылы веб-порталда отандық өндіріс тауарларын басымдықпен алу бойынша жұмыс жалғасады;
бәсекелестікті дамыту және бизнесті қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер және квазимемлекеттік сектор субъектілері саналатын өнім берушілердің өтінімдерін жеке кәсіпкерлік субъектілері саналатын өнім берушілерден кемінде екі өтінім болған жағдайда веб-портал автоматты түрде қабылдамайды;
бағалық емес критерийлерді дамыту және жергілікті жеткізушілерді қолдау мақсатында аумақтық белгі (1%-дан 2%-ға дейін) және теріс мәндер (0.1%-дан 0.2%-ға дейін) түріндегі шартты жеңілдіктерді есептеу өзгертілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
10.01.2025, 16:10 3431
2024 жылы Skills Enbek платформасында 108 мыңға жуық қазақстандық оқыды
Достарға айту
2024 жылы 107,9 мың, оның ішінде 52,4 мыңға жуық жұмыссыз азамат Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында (бұдан әрі - Skills Enbek) курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Skills Enbek-те барлығы 498,7 мың қазақстандық тіркелсе, оның 135,0 мыңы - 2024 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 410,9 мың адам оқудан өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Оқудан өткен 52,4 мың жұмыссыз азаматтың 16,2 мыңға жуығы Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қалаларының жастары.
Skills Enbek іске қосылған сәттен бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 643 курс жариялады, оның 302-і тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.
Ең танымал курстар - "Построение отдела продаж в отеле", "Пішу және тігу", "Продавец", "Введение в социальную работу" және "Кассир".
Платформа үш тілде қол жетімді және басқа білім беру порталдарымен бірқатар интеграциялары бар онлайн-курстардың бірыңғай витринасын құруға арналған алаң болып табылады. Skills Enbek-те жұмыссыздардың, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, әлеуметтік қызметкерлердің және мүгедектігі бар адамдарды алып жүретін жеке көмекшілердің біліктілігін жаппай арттыру үшін жағдайлар жасалған. Сонымен қатар сертификатты жүктеу кезінде оған жаңа функционал қосылды, яғни Электрондық еңбек биржасына (Enbek.kz) да көшірілуі арқылы алынған дағдылар бойынша бос жұмыс орындары ұсынылады.
2024 жылы Skills Enbek-те прокторинг жүйесін қолдана отырып тестілеу мүмкіндігі пайда болды. Қазіргі уақытта функционалды мүгедектік тобын беру бойынша мемлекеттік қызметті сырттай проактивті көрсетуге тартылатын дәрігерлер және ұсынылған курстарда оқу кезінде әлеуметтік қызметкерлер пайдаланады. Қыркүйек пен желтоқсан аралығында 9 мыңнан астам пайдаланушы әлеуметтік қызметкер курстары бойынша оқудан өтті. Сондай-ақ, жеке көмекшілер курстарынан өту үшін 6,1 мың адам тіркеліп, оның 5,7 мыңы оқуды сәтті аяқтап, сертификаттар алды.
Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздері бойынша 35,3 мың адам оқуды аяқтап сертификаттар алды, оның ішінде 39,8%-ы жастар. Өз бизнесін бастауды жоспарлап жүрген қазақстандықтарға осы курс бойынша оқу қажетті базалық білім мен дағдыларды алуға көмектеседі.
Күміс жас" жобасы аясында 50 жастан асқан азаматтарға ауыл шаруашылығы, қаржы, білім беру, әлеуметтік қызмет көрсету, маркетинг және туризм, ақпараттық технологиялар бағыттары бойынша тегін курстар қолжетімді. 2024 жылы Skills Enbek-те жобаның 27 мыңнан астам қатысушысы тіркелді, оның ішінде 23,4 мың адам оқудан өтіп, сертификаттар алды.
Сонымен бірге халықтың әлеуметтік осал топтары үшін Skills Enbek-те "әлеуметтік" қойындысы қосылды, онда "Qolqanat Foundation" қоғамдық қорымен ынтымақтастық шеңберінде кейбір ақылы курстар бойынша тегін оқудан өту мүмкіндігі берілді.
Skills Enbek функционалдығының кеңеюін ескере отырып, жасанды интеллект пен процесті автоматтандыруды қолдана отырып, чат-бот енгізілді, ол пайдаланушының сұранысы бойынша курстарды таңдау және жылдам іздеу үшін ұсыныстар жасайды. Навигация бойынша көмек пен ұсыныстарды беттегі виджеттен алуға болады.
2024 жылы Азия даму банкінің қаржылық қолдауымен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының "COVID-19 пандемиясымен күрестегі Қазақстан үшін ынтымақтастық қоры" бастамасы шеңберінде Data Science, Python, интернет-қауіпсіздік, product және HR-менеджмент бағыттары бойынша тегін курстардың тізбесі кеңейтілді.
Жалпы, онлайн оқытуды дамыту арқылы азаматтар жаңа дағдыларды игеруге, біліктілігін арттыруға және күнделікті өмірде цифрлық құралдарды тиімдірек пайдалануға мүмкіндік алады, бұл экономиканың өнімділігі мен инновациясының өсуіне ықпал етеді.
Естеріңізге сала кетейік, оқуға https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе Enbek.kz сайтындағы "Онлайн оқыту" бөлімін таңдау арқылы тікелей қол жеткізуге болады. Курстарға Enbek мобильді қосымшасы арқылы қол жеткізуге болады, қосымшаны Google Play және App Store-дан жүктеуге болады.
Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілін, материалды берудің ыңғайлы принципін дербес таңдайды, білім беру үдерісіндегі өзінің ілгерілеуін бақылай алады.
Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруға тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты - студент тарапынан курсты бағалау.
Алынған сертификат Еnbek.kz-те тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Жұмыскерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші Платформада сәтті оқудан кейін алынған сертификаттарды көре алады.
Авторлар мен әзірлеушілерге арналған платформада онлайн курстарды орналастыру тегін. Курстар мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылуы мүмкін, ақпарат берудің әртүрлі форматтары: мәтін, презентация, бейне және аудио материалдар, инфографика және басқа түрлері болуға тиіс. Платформа ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігін болжайды.
Курс авторлары үшін ыңғайлы сабақ құрастырушы, жарияланған курстардың статистикасы мен тиімділігін қарауға қолжетімді, сертификаттардың әртүрлі дизайны көзделген, сондай-ақ оқу құнын алдын ала есептеуге арналған онлайн-калькулятор бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.01.2025, 16:02 3931
Қазақстанда 1,2 млн ауыл тұрғыны жылжымалы кешендерде медициналық көмек алды
Достарға айту
2024 жылы 3072 елді мекеннің 1,2 млн тұрғыны "дөңгелектегі емханалардың" көмегімен дәрігерлердің кконсультациялары мен диагностикалық ем-шараларға қол жеткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жылжымалы кешендердің көмегімен бейінді мамандар 1,2 млн. консультация, 656 мың диагностикалық, 333 мың зертханалық зерттеу жүргізді.
Зерттеп қарау нәтижесінде әртүрлі аурулары бар 95 мың пациент анықталды, оның 78,3%-ы ересектер, 21,7%-ы балалар. Кәсіптік тексеру қорытындысы бойынша 33,7 мың ауыл тұрғыны диспансерлік бақылауға алынды.
2024 жылы "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы 128 станцияның 104 мың тұрғынын, оның ішінде 21 000 баланы қамтыды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға артық.
Медициналық пойыздың мамандары 240 000 медициналық қызмет көрсетті, оның ішінде 12 500 стоматологиялық ем-шара, 25 000 зертханалық зерттеу, 8 000 шағын хирургиялық операция және 24 000 аспаптық және диагностикалық зерттеу жүргізді.
Қарап-тексеру барысында түрлі аурулары бар 5 500 пациент анықталып, оларға қажетті көмек көрсетілді.
Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының шеңберінде ауылдық аудандарда медициналық инфрақұрылымды жүйелі жаңарту жалғасуда.
2024 жылы 460 нысанның құрылысы аяқталды, тағы 195 МСАК нысаны 2025 жылы тапсырылады.
Жаңа ауылдық дәрігерлік амбулаторияларда және фельдшерлік-акушерлік пункттерде алғаш рет күндізгі стационарлар, амбулаториялық оңалту үшін физиотерапия кабинеттері, ауданнан тыс жерлерге бармай зерттеп-қараудан өту мүмкіндігімен зертханалық кабинеттер пайда болды.
Жабдықталған телемедициналық кабинеттерде ауылдық пациенттер облыстық және республикалық клиникалардың жетекші дәрігерлерінен қашықтықтан консультация ала алады. Телемедицина қызметтері бір жылда 2 есеге ұлғайтылды.
Ауыл тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігі үшін 2025 жылы 32 аудандық аурухананы жаңғырту жалғасады, олардың базасында ангиографтармен, КТ, МРТ жабдықталған кардиологиялық орталықтар, травматология, реанимация, хирургия бөлімшелері ашылады.
Бұл шаралар "алтын сағат" қағидатын сақтай отырып, инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайлар кезінде ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді, бұл осы аурулардан болатын өлімді 20%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.
Ауылдық жерлерге медициналық кадрларды тарту бойынша жаңалықтар: ауылдағы жұмысқа орналасуды таңдайтын тапшылығы жоғары бейіндер бойынша жас дәрігерлер қосымша қаржылық ынталандырулар, тұрғын үйге жеңілдікті кредиттер және кәсіби өсу үшін мүмкіндіктер алады.
Бүгінгі таңда өңірлерге медициналық жоғары оқу орындарының 4148 түлегі жіберілді, оның ішінде ауылдық елді мекендерге 1233 дәрігер бөлінді.
Барлығы 544 түлек әлеуметтік қолдау алды. Еліміздің өңірлерінде алғаш рет ауылдағы 89 дәрігер, оның ішінде акушер-гинекологтар, анестезиологтар-реаниматологтар, хирургтар 100 ЕТЖ немесе 8,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлемдермен қамтамасыз етілді.
Ауылдық денсаулық сақтауды жақсарту жөніндегі кешенді тәсілдің нәтижесінде Қазақстанда соңғы 5 жылда сырқаттанушылық көрсеткіші 12,9%-ға, оның ішінде қала халқында 15,1%-ға және ауыл халқында 9,3%-ға төмендеді.
Ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы жоғары технологиялық медицина бойынша бірқатар жобалар бүкіл ел бойынша ауқымды.
Бір күндік клиникалар" жобасы жүкті әйелдерді пренаталдық диагностикалаудың инновациялық әдістерінің қолжетімділігін және туа біткен ақаулары мен хромосомалық патологиясы бар баланың туу қаупін уақтылы анықтауды, "бір терезе" қағидаты бойынша қызметтердің жоғары сапасын, 1 күннің ішінде зерттеудің жылдам және дәл нәтижелерін алуды қамтамасыз етеді.
Қазақстанда алғаш рет "Феталдық медицинасы" жобасы іске қосылып, 20 жатырішілік операция сәтті жүргізілді.
Бұл технологиялар ұрықтың ерте патологиялық жағдайларын аз инвазивті емшаралар арқылы түзетуге және емдеуге арналған. Олар балалардың арасында мүгедектіктің алдын алу мақсатында ауыл тұрғындарына қолжетімді болады.
Ауылдар мен қалалардың тұрғындары үшін денсаулық сақтауда тең жағдай жасау ұлттық жобаның негізгі векторы болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.01.2025, 15:57 4166
Елімізде 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылуда
Достарға айту
Елімізде 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылуда, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазақстанда автокөлік өткізу пунктерін толыққанды жаңғырту жалғасуда. Бүгінгі таңда жаңарту Қытай, Өзбекстан және Түрікменстан шекарасындағы 9 бақылау-өткізу пунктіне қатысты.
Жоспарланған жұмыстар шеңберінде өткізу мүмкіндігін тәулігіне 6 ретке дейін, орта есеппен 170-тен 960 көлікке дейін арттыру сондай-ақ шекарадан өту уақытын 30 минутқа дейін қысқарту күтіліп отыр. Биыл 9 бақылау-өткізу пунктін жаңғырту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Еуразия экономикалық одақтың сыртқы шекарасы бойынша барлық 10 автомобильдік шекара бекетінде автоматтандырылған электронды кезек жүйесі енгізілді. Оны "Qoldau.kz" платформасында және "CargoRuqsat" мобилді қосымшасы арқылы пайдалануға болады.
Жүйені енгізу республикалық маңызы бар жолдар бойында автокөліктердің жиналып қалуын болдырмауға мүмкіндік берді және тасымалдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2025, 17:13 34061
2024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Достарға айту
Отбасының цифрлық картасын (бұдан әрі - ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2024 жылы 642 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 263 мың адам пайдаланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінде онда Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.
ОЦК енгізудің басты мақсаты - қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты ҚР Әлеуметтік кодексінде Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленген. Сондай-ақ, ОЦК азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқықтары туралы күнделікті "электрондық хабарлама" болып табылады.
Қазіргі уақытта ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Олар еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем; жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем, асыраушысынан айырылу бойынша төленетін әлеуметтік төлем немесе жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлем.
Сондай-ақ, ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі, "қандас" мәртебесі берілгенде немесе ұзартылғанда мәртебенің аяқталу мерзімі және жұмыссыз адамдар үшін жұмыспен қамту шаралары туралы автоматты хабарламалар іске асырылды.
Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады.
Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажеттігін атап өтеміз.
Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі арқылы Call-орталыққа хабарласыңыз. Қоңырау шалу тегін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2025, 16:58 34421
Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты
Достарға айту
Жаңа жыл қарсаңында Алматының медициналық жедел жәрдем қызметінің автопаркі JAC Sunray маркалы 48 заманауи автокөлік алды. Оның 12-сі "С" класты және 36-сы "В" класты көлік, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жаңа көліктер реанимациялық құрылғылар, дефибрилляторлар, электрокардиографтар, өкпені жасанды желдету аппараттары және т.б. құралдар сынды әлемдік брендтердің заманауи медициналық жабдықтарымен жабдықталған. Бұл медициналық жедел жәрдемді жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.
Автопарк Алматы қаласы әкімдігінің және Қоғамдық денсаулық басқармасының қаржыландыруы арқасында жаңарды. Келесі жылы тағы 50 жедел жәрдем көлігін сатып алу жоспарланған.
Күн сайын 186 бригада кезекшілік атқарып, 3 мыңнан астам шақыртуға жауап қызмет көрсетеді.
2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 990 мыңнан астам шақыру орындалды. Бірінші және үшінші санаттағы шақыруларға жету уақыты орта есеппен 12,6 минут, бұл ұлттық стандарттарға сәйкес келеді. Осы кезеңде 142 сәтті реанимация жасалды.
Бүгінде Алматы қаласының жедел жәрдем қызметі қаланың әр ауданында орналасқан 13 қосалқы станциядан тұрады, бұл шақыруларға жылдам жауап беруді қамтамасыз етеді. 2024 жылдың жазында Алтай-1 шағын ауданында жаңа қосалқы станция ашылды, бұл жедел көмек көрсету қызметін одан әрі қолжетімді етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2025, 16:54 34631
Астанада ойыншық қарумен жүрген жасөспірім ұсталды
Достарға айту
Астанада ойыншық қарумен жүрген жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2025 жылдың 9 қаңтарында Астанада полиция қызметкерлері Мұхамеджанов көшесінде камуфляж киім киген және қаруға ұқсас зат ұстаған адам жүр деген хабарламадан кейін тез арада жасөспірімді ұстады.
Тексеру барысында анықталғандай, оның қолындағы зат интернет арқылы сатып алынған страйкболға арналған қару макеті болып шықты.
Жасөспірім жоспарланған ойынының болмайтынын білгеннен кейін үйіне қайтып бара жатқанын айтты.
Полицияға жасөспірімнің заңды өкілдері шақырылды. Тексеру жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2025, 16:52 34846
Мәжіліс Әділет министрінің кандидатурасына келісім берді
Достарға айту
Мәжіліс Әділет министрінің кандидатурасына келісім берді, деп хабарлайды Парламент мәжілісінің баспасөз қызметінен.
Бүгін Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлының кандидатурасы келісілді.
Мәселе "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2025, 16:50 32961
Елімізде Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді
Достарға айту
Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және өңірлік штаб өз жұмысына кіріскенін хабарлады.
2025-2026 жылдары оқу-зертханалық корпусын ашу, жаңа идеялар хакатонын, халықаралық "DostiSkills-2025" салалық чемпионатын, халықаралық салалық аккредиттеуді өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ ІТ hub және жұмыс берушілердің қолдауымен құзіреттер орталығын ашу, бизнестің нақты сұраныстары бойынша нысаналы білім беру тапсырысын ұлғайту және өңір колледждерінде жаңа мамандықтар ашу қарастырылған. Атап айтқанда, Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі "Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану", О. Тұрмағамбетұлы атындағы Маңғыстау индустриялық-техникалық колледжі "Гидрогеология және инженерлік геология" мамандығы бойынша кадр даярлайды.
Қазіргі уақытта колледждердің білім беру бағдарламалары Жаңа мамандықтар атласының өзекті талаптарына сай болу үшін жаңартылуда.
"Өңірде 2022 жылы еңбек нарығына сай жаңа мамандықтар ашу, жұмыспен қамтудың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында "Жаңа мамандықтардың атласы" іске асырылып, сұранысқа ие білім беру, туризм, мұнай-газ саласындағы мамандықтар айқындалды. Нысаналы қаржыландыру шеңберінде Есенов атындағы университет жоғары оқу гранты негізінде былтыр және биылғы жылдарға Маңғыстау облысының жаңа кәсіптер мен құзіреттіліктер атласы жұмыстары жалғастырылуда. Осы жылға құрылыс, энергетика, логистика салаларына басымдық беріліп отыр. Қазіргі таңда осы Атласқа сәйкес техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының білім беру бағдарламалары бойынша микробіліктіліктерді жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Колледждерде салаға бейіндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Білікті мамандарды даярлау 89 мамандықтың 129 біліктілігі бойынша оқытылуда. 2024-2025 оқу жылына 65 мамандықтың 92 біліктілігі бойынша 5615 орынға, бұл 90%-ы мемлекеттік білім беру гранты бөлінді. Оның ішінде 70 жұмыс беруші мен колледж арасында келісім-шарт негізінде нақты сұранысына сәйкес мемлекеттік білім беру грантына 580 студент қабылданды. Ол біздің өңірдегі "Казкор-Транссервис", "Озенспецстрой", "ҚазАзот" секілді ірі-ірі мекемелер", - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.
Колледждердің материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін 2025 жылға қарай Маңғыстау индустриалды-техникалық колледжінде емхананың бұрынғы ғимаратын оқу-зертханалық корпусқа қайта жоспарлау жүргізілуде, Бейнеу ауданындағы екі колледж үшін жаңа ғимаратты жобалау дайындалуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.01.2025, 15:462025 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуда қандай өзгерістер күшіне енді 10.01.2025, 15:57 3621Елімізде 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылуда10.01.2025, 16:02 3386Қазақстанда 1,2 млн ауыл тұрғыны жылжымалы кешендерде медициналық көмек алды10.01.2025, 16:10 28862024 жылы Skills Enbek платформасында 108 мыңға жуық қазақстандық оқыды
06.01.2025, 17:02 81296Президент құрылыс индустриясы нысандарымен танысты06.01.2025, 12:51 78236Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді06.01.2025, 12:49 78061Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау басталды06.01.2025, 12:27 62976Аграрлық колледжге Павлодарда заңсыз іріктелген жер учаскесі қайтарылды06.01.2025, 12:21 538512024 жылы Қазақстанда рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды
30.12.2024, 17:17 151681Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 145821Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 145546Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 145061Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 134976Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті