28.10.2021, 14:50 35181

Алматы облысында мектеп оқушылары арасындағы ауызша дау-дамай жаппай тәртіпсіздікке ұласты

ТАЛДЫҚОРҒАН. 28 ҚАЗАН - Алматы облысының Панфилов ауданы Пенжім ауылында бұзақылар бірнеше үй мен көліктің терезесін сындырған.
 
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 27 қазан күні сағат 20:00 кезінде 102 пультіне Пенжім ауылындағы оқушылар арасындағы төбелеске қатысқандардың бірінің үйінің жанына 30-ға жуық адамның жиналған.
 
Бір топ адам бірнеше жеке үйдің, сонымен қатар автокөліктердің терезесін шаққан.
 

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-тармағымен қылмыстық іс қозғалды", - деп атап өтті департаменттен.

 
Сондай-ақ, дәл сол күні сағат 22:45-те Панфилов аудандық полиция бөліміне Пенжім ауылының жаңа құрылыс ауданындағы үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
 
Оқиға орнына аудандық полиция және төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлері барған.
 

Үй иелерінің айтуынша, өрттің шығуына пештегі ақау себеп болған. Сағат шамамен 23:30-да өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Бұл өрттің оған дейін орын алған оқиғаға қатысы жоқ. Ауылда қоғамдық тәртіп қамтамасыз етілген, жағдай бақылауда тұр. Алматы облыстық полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үші қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді", - деді ведомстводан.

 
Бұған дейін Алматы облысының Панфилов ауданы Пенжім ауылында жаппай төбелес болып, бір жасөспірім ауруханаға түскен.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны