15.06.2021, 23:47 13271

Алматы облысында мектеп оқушыларын қағып кеткен жүргізуші 10 жылға бас бостандығынан айырылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 15 МАУСЫМ - Еңбекшіқазақ аудандық соты ағымдағы жылдың наурыз айында Алматы облысының Қорам ауылында төрт қызды қағып кеткен жүргізушіге үкім шығарды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Еңбекшіқазақ аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еңбекшіқазақ аудандық соты осы жылдың наурыз айында төрт оқушыны мас күйінде қағып кеткен жүргізушіні кінәлі деп тапты.

Сот үкімімен Қорам ауылының 54 жастағы тұрғыны 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының аумағында 54 жастағы жүргізуші мас күйінде 8-9 жастағы төрт оқушыны қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш бала ауруханаға жатқызылды. Кейін екі қыз қайтыс болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны