29.11.2022, 17:36 13431

Almaty Parking-те ұрлық туралы іс аяқталды және сотқа жіберілді - ҚМА

Almaty Parking-те ұрлық туралы іс аяқталды және сотқа жіберілді - ҚМА
Қылмысты ұйымдастырушы Мұхтар Боранбаев халықаралық іздестіруге жарияланды
 
Астана. 29 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті 436 млн теңге қаражатты ұрлау фактісі бойынша "AlanParking" ЖШС директоры М.О.Базарбаевқа және "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС директоры М.У. Принбековке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында келтірілген шығын толық көлемде өтелді. Қылмыстық іс сотқа жіберілді. Қылмыстың негізгі сотталушы және ұйымдастырушысы Мұрат Боранбаев халықаралық іздеуге жарияланды", - деп хабарлады агенттік.

 
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне "Алматы Спецтехпаркинг Сервис" ЖШС 70% үлесін және "AlanParking" ЖШС 100% үлесін қайтару бойынша шараларын қабылдады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны