Алматыда Қазпошта қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шықты
"Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Серік Саудабаев шағымдарын айтуға жиналған қызметкерлермен бетпе бет жүздесу үшін Алматыға шұғыл ұшып кетті.
Алматы поштасының директоры Алтын Садықова дәл қазір түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Серік Саудабаев шағымдарын айтуға жиналған қызметкерлермен бетпе бет жүздесу үшін Алматыға шұғыл ұшып кетті", - деп түсіндірді "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметінде.
Баспасөз қызметі кейбір Telegram арналарында жарияланған жалақы мөлшері туралы ақпарат шындыққа жанаспайды деп атап өтті.
40 мың теңге көлеміндегі ақы 0,3 мөлшерлемемен жұмыс істейтін, яғни толық емес жұмыс күнімен қызмет ететін 4 пошташы алады. 0,3 мөлшерлеме бойынша жұмыс уақыты айына 24 сағатты құрайды (толық мөлшерлеме нормасы– 176 сағат). Қазіргі уақытта "Қазпошта" АҚ жұмыс көлемінің төмендеуіне байланысты толық емес жұмыс күнімен қызмет ететін қызметкер саны (0,4, 0,5, 0,6, 0,7, 0,8 және 0,9) 47 адамды құрайды", - деп түсіндірді ұйымда.
Бұл ретте мекеме өз қызметкерлерімен ашық сұхбат жүргізуге дайын, деп қосты баспасөз қызметі. Жағдайды реттеу үшін барлық шара жасалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.