20.04.2023, 17:53 17831

Алматыда Chia Tai Tianqing қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты тергеу басталды

Аталған серіктестіктің екі белсенді басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды
Алматы. 20 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - "Chia Tai Tianqing" қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша тергеу ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
 
Кәсіпорын тағамдық қоспалар мен басқа да дәрі-дәрмектерін өндіруге инвесторлардан қаражат тартқан. Өзінен кейін адамдарды алып келген салымшыларға бонус төлеу уәде етілді.
 
Айта кету керек, "Chia Tai Tianqing" Қазақстан аумағында заңды тұлға ретінде тіркелмеген.
 
Қазіргі уақытта ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті аталған серіктестіктің екі белсенді басшысын ұстап, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа ұйымдастырушыларды анықтап табу бойынша іс-шаралар жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны