06.06.2022, 13:51 19516

Алматыда донерлік және сауда үйі өртенді

Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
АЛМАТЫ. 6 МАУСЫМ - Алматының Самал ауданында орналасқан сауда орталығы өрттен зардап шекті, деп хабарлады Алматы төтенше жағдайлар департаменті. 
 
ТЖД хабарлауынша, Меңдіқұлов, 98 мекенжайында өрт 6 маусымда сағат 05:45-те туындаған.
 
Сауда үйіне іргелес орналасқан донер сататын орыннан өрт шыққан. Артынша тілсіз жау екінші қабат пен ғимарат шатырына қарай ығысқан.
 

Өрт аумағы 150 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру қызметінің алғашқы бөлімшелері оқиға орнына сағат 05:50-де (5 минутта) жетті. Сағат 06:16-да өрт ауыздықталып, 06:30-да сөндірілді. Сауда үйі аумағының басым бөлігін өрттен аман алып қалдық", - деп хабарлады ТЖД.

 
Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны