14.12.2022, 08:46 18466

Алматыда мұз көшкінінің салдары жойылуда

Мұз көшкінінің өту қаупі әлі де сақталады
Алматыда мұз көшкінінің салдары жойылуда
Сурет: Алматы әкімдігі
Алматы. 14 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда Есентай өзенінде кеше түстен кейін мұз көшкіні болды, нәтижесінде жағалау аймағының қоршаулары зақымданды. Есентай өзенінің жағалауын мұздан тазалау жұмыстары жүріп жатыр.
 

Қазіргі таңда "Қазселденқорғау" мекемесінің Алматы филиалы мен Алматы қаласы әкімдігінің 109 құтқару қызметі авариялық бригадалары өзен арнасы мен тротуарларды мұздан тазартуды бастады. Төтенше жағдайдын алдын алу мақсатында Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде мобильді жылжымалы бекеттер қойылды", - деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

 
Ведомство мәліметінше, зерттеу нәтижесі көрсеткендей мұз қозғалысы Есентай су қабылдағышының жоғары жағында басталған.
 
Жекелеген учаскелерде Есентай өзенінің тұрақтандырылған арнасының қоршаулары зақымданды.

 
Сондай-ақ, кей жерде мұз өзен арнасының бойындағы тротуарларға түсті.
 

Қазіргі уақытта мұз өзен арнасында тоқтады. Жиналған мұздың көлемі 6500-6700 м3 құрады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп атап өтті департаменттен.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны