05.05.2022, 17:00 12781

Алматыда ПИК төрағасы 70 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді

Бірнеше жыл бойы тұрғын үй кешенін басқаруға байланысты мәселелер тұрғындар арасында наразылық пен келіспеушілік тудырды.
Алматыда ПИК төрағасы 70 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді
АЛМАТЫ. 5 МАМЫР - Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Алматы қаласы Наурызбай ауданының аумағында орналасқан "Премьера" ТК ПИК-тің бірінің төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы Наурызбай ауданының Прокуратурасына сілтеме жасап.
 
Алматы Наурызбай ауданының прокуратурасы хабарлағандай, бірнеше жыл бойы тұрғын үй кешенін басқаруға байланысты мәселелер тұрғындар арасында наразылық пен келіспеушілік тудырды. 
 

Сараптама нәтижелері бойынша 70 млн теңгеден астам жетіспеушілік анықталды, өз кезегінде тұрғындар нысанды күтіп ұстау бойынша қызметтер үшін төлеген, бірақ қаланың коммуналдық қызметтеріне түспеген", - делінген ведомство хабарламасында.

 
Осыны ескере отырып, аудан прокуратурасымен ПИК-тің бұрынғы төрағасын күдікті деп тану туралы шешім келсілді, ҚР ҚК-нің 189–бабы 4–бөлігі 2–тармағы (яғни аса ірі мөлшерде жасалған бөтеннің мүлкін ұрлау) бойынша оның әрекеттерінің біліктілігі анықталды.
 
Сондай–ақ, прокуратура жасалған қылмыстың ауырлығын ескере отырып, тергеу органның бұрынғы ПИК төрағасын қамауға алу қажеттілігі туралы өтінішін қолдады, ол кейіннен соттың санкциясымен қамауға алынды.
 

Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс қарау және түпкілікті үкім шығару үшін сотқа жіберіледі. Прокуратураның қабылдаған шараларымен коммуналдық қызметтер алдындағы берешектеріне қарамастан, ос ТК электр – жылумен жабдықтаудан ажыратуға жол берілген жоқ", - деп қосты прокуратурада.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны