01.04.2022, 18:56 20651

Алматыдағы есірткі зертханасынан 150 млн теңгенің шикізаты тәркіленді

Алматыдағы есірткі зертханасынан 150 млн теңгенің шикізаты тәркіленді
Сурет: Polisia.kz
АЛМАТЫ. 1 СӘУІР - Алматыда синтетикалық есірткіні өндіруге арналған шикізаттың ірі көлемі тәркіленді. 
 
Еске салайық, синтетикалық есірткілер шығаратын цех Қалқаман ықшамауданындағы жеке үйдің жертөлесінде жұмыс істеген. Белгілі болғандай, үй өткен жылдың қазан айында жас жігітке ай сайынғы 300 мың теңгеге жалға берілген.
 

Рұқсат етілген тінту кезінде ұнтақ және кесек түріндегі заттар, химиялық заттар салынған пластик ыдыстар, сұйықтықтары бар колбалар, электронды таразылар және мефедрон синтетикалық психотроптық затын өндіру кезінде қылмыскерлер пайдаланған басқа да заттар тәркіленді. Есірткі шығаруға жауапты – 23 жастағы О.есімді азамат. Аяқталмаған медициналық білімі бар жас жігіт, есірткі өндірісін жолға қойған. Жалпы, есірткі зертханасынан бірнеше келі кептірілген заттар тәркіленді. Олардың түсі әртүрлі: ақ, қара, жасыл, қоңыр. Бір қаптама қоңыр түсті "шөптің" салмағы шамамен 160 грамм, ағынан – 500. Бұл дайын өнім және оны дозаға бөліп, орау керек болды. Жертөледен табылғанның бәрі: сұйық, кристалды және ұнтақ күйінде сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков. 

 
Полиция қызметкерлері жедел түрде есірткі бизнесіне тағы бес адамның қатыстылығын анықтады, олардың екеуі 23 және 19 жастағы қыздар. Олар – Түркістан және Алматы облыстарынан келгендер. Олардың міндеттеріне дайын есірткілерге бетбелгі қою кірді. Күдіктілер қамауға алынды. 
 

Қылмысты ұйымдастырушының айтуынша, ол Telegram-дағы куратордың нұсқауы бойынша әрекет еткен. Зертханаға арналған құрамдас бөліктерді Алматы облысы Талғар ауданы аумағындағы "бетбелгілер" арқылы алған. Бір апта ішінде ол 2-3 келіге жуық синтетикалық есірткі жасаған, жұмысы үшін биткоинмен апта сайын 280 мың теңге көлемінде қаражат алып отырған. Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген заттар жалпы салмағы 4 келіден асатын "А-PVP" синтетикалық есірткі заты, мефедрон – 312 грамм және 15 литр тулуол (прекурсор). Шикізат бағасы – 150 млн теңгені құрайды", – деді Әбілбеков.


 
Ақпарат көзі: Polisia.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны