22.11.2021, 20:31 38174

Алматыда әйел үш кішкентай баласымен бірге 9-қабаттың терезесінен секіріп кетті

Бұл дерек "Жетісу" шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алған.
Алматыда әйел үш кішкентай баласымен бірге 9-қабаттың терезесінен секіріп кетті
АЛМАТЫ. 22 ҚАРАША - Алматыда әйел үш кішкентай баласымен бірге 9-қабаттың терезесінен секіріп кетті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл дерек "Жетісу" шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алған.
 

28 жастағы әйел мен оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш кішкентай баласы 9-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Әйел мен екі бала оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды", - деп хабарлады полицияда.

 
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайларын анықтау мақсатында Алматы қаласы ПД-де жедел-тергеу тобы құрылды.
 
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны