25.07.2024, 12:00 107671

Алты ай бұрын "Майқайың" кенішіндегі шұңқырға құлаған автобус табылды

Алты ай бұрын "Майқайың" кенішіндегі шұңқырға құлаған автобус табылды
Алты ай бұрын "Майқайың" кенішіндегі шұңқырға құлаған автобус табылды. "Майқайың-алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Кеше кешкісін қазба жұмыстары кезінде құтқарушылардың автобусы табылды. Ауа-райына қолайсыздығына (жаңбыр мен жел) және топырақтың құлау қаупінің сақталуына байланысты жұмыстар аса сақтықпен жүргізілуде. Бүгін таңғы сағат 05.00-ден бастап іздестіру жұмыстары қайта жанданды. Қазіргі уақытта көліктің алдыңғы бөлігіне дейін жету мүмкін болып, бампері мен доңғалағы көрінді. 55 жастағы төртінші құтқарушы, жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ. Жақын арада іздестіру жұмыстары нәтиже береді деген үміттеміз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны