24.03.2023, 15:51 28656

Антикор Алматы облысының судьясы мен МКД-нің қызметкеріне қатысты тергеу жүргізуде

Антикор Алматы облысының судьясы мен МКД-нің қызметкеріне қатысты тергеу жүргізуде
Сурет: Depositphotos
Судья пара алды деген күдікке ілінді

Қонаев. 24 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мамандандырылған ауданаралық экономикалық облыстық соттың судьясына және Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаменті бөлімшесінің қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Судья мемлекет алдында салық берешегі бар 2 кәсіпорынды банкрот деп тану туралы азаматтық істер бойынша шешім шығарғаны үшін салық органы қызметкерінің делдалдығымен пара алды деп күдіктенеді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.


ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін Шымкентте білім саласының шенеунігі бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінгені хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны