10.03.2023, 18:16 36766

Апелляциялық сот Алматыда дәрігерді өлтірген адамға үкімді өзгеріссіз қалдырды

Апелляциялық сот Алматыда дәрігерді өлтірген адамға үкімді өзгеріссіз қалдырды
Сурет: Pexels.com
Бұған дейін Нұржан Тұрсынбаевқа 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын

Алматы. 10 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Апелляциялық сот гастроэнтеролог Юрий Шумковты өлтірген сотталушыға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.
 

Үкім өзгеріссіз қалды, апелляциялық шағым қанағаттандырылмады", - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметінен.

 
Бұған дейін сот 1987 жылы туған Т-ны бірнеше бап бойынша кінәлі деп танып, оны 18 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді.
 
Айта кетейік, сот отырысы барысында прокурор 35 жастағы Т-ны 20 жылға соттауды сұраған болатын.
 
Кейін сотталушы дәрігер Юрий Шумковтың туыстарынан кешірім сұрады.
 
Еске салайық, биылғы 4 сәуір күні Алматыда дәрігер емделуші пациентінің қолынан қаза тапты. Оны күдікті аңшы мылтығымен атып тастаған.
 
Аса ауыр қылмыс қаланың Бостандық ауданында болған. Күдікті қалада енгізілген арнайы жоспар барысында Алатау ауданы аумағында ұсталды.
 
Кейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Юрий Шумков пен пациент арасында қандай да бір жанжал болмағанын айтты.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны