13.04.2022, 17:13 19411
Қар көшкіні астында жоғалып кеткен бір турист тірі табылды
Достарға айту
Құтқарушылар қар көшкіні астында қалған бір туристі тапқанын хабарлады. Екіншісін іздеу жалғасып жатыр.
Құтқарушылар зардап шегушілердің бірін қар астынан алып шықты, ол тірі", - делінген Алматы қаласы ТЖД хабарламасында.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шегушінің иығы шығып кеткен.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына 31 адам, сегіз техника, екі кинологиялық топ, бір тікұшақ және бір дрон жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, қар көшкіні сәрсенбі күні сағат 13.28-де Іле Алатауы тауларындағы Молодежный шыңы аймағына жүрді.
Бір күн бұрын құтқарушылар Алматы тауларында қар көшкіні қаупі күшейетінін ескерткен болатын.
Өткен айда "Шымбұлақ" курортында қар көшкіні кезінде шаңғышы қаза болды.
Ақпарат көзі: sputnik.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
18.02.2025, 16:03 30996
Ұлытау өңіріндегі ТЖ орнында үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысындағы ТЖ орнында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басшылығымен үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Комиссия құрамында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов, ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов, денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев бар.
Оқиға орнында ТЖ қызметі, ІІМ және Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің шұғыл тергеу тобы, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Комиссия мүшелері оқиға орнында болып, тергеу барысымен танысты. Қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде тапсырма берілді.
Әрі қарай Премьер-министрдің орынбасары Штаб отырысын өткізіп, қаза тапқандардың туыстарымен кездеседі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.02.2025, 09:39 31266
"Жомарт" кенішіндегі шахта-проходкалау тресінде орын алған төтенше жағдай туралы хабарлайды
Достарға айту
17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Жомарт" кенішінде тау жынысы опырылып түсті, деп хабарлайды компаниның баспасөз қызметінен.
Оқиға салдарынан жеті жұмысшы үйіндінің арғы жағында қалды. Кабельдердің үзілуіне байланысты қазіргі уақытта жұмысшылармен байланыс жоқ.
Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Оған ТЖД-ның 21 қызметкері мен 7 техника бірлігі жұмылдырылған, сондай-ақ "Серіктес" АҚҚ-ның 2 бөлімшесі құтқару жұмыстарына тартылған.
Құтқару операциясының барысы туралы қосымша ақпарат беріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.02.2025, 10:04 35026
ТЖМ құтқарушылары жоғалған жасөспірімдерді тапты
Достарға айту
ТЖМ құтқарушылары жоғалған жасөспірімдерді тапты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Бүгін Алматы облысы Іле Алатауы тауында «Лесной» асуында Букреев шыңынан түсу кезінде 15-16 жастағы 4 жасөспірім адасып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
Тез арада ТЖМ «РЖҚЖ» жедел тобы шақырту орнына шықты. Құтқарушылар теңіз деңгейінен 3010 метр биіктікте адасып қалған жасөспірімдерді тауып, қажетті көмек көрсетті.
Құтқарушылар оларды таудан түсіріп, полиция қызметкерлерінің қатысуымен ата-аналарына тапсырды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.
Жасөспірімдердің ата-аналары құтқарушыларға алғыстарын білдірді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.02.2025, 15:01 50201
Жамбыл облысында жол апатынан полицей қаза тапты
Достарға айту
Жамбыл облысы ПД қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
11 ақпан күні сағат 19:40-та "Алматы-Ташкент" автожолының 203-шақырымында "Volkswagen Passat" маркалы автокөліктің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, бекітілген аумақта жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген патрульдік автокөлікпен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан қызметтік көлікте болған екі полиция қызметкері әртүрлі дене жарақаттарымен Қордай аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.
Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Үшкемпір Абай Бақытбекұлы 12 ақпан күні аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Полиция аға лейтенанты Абай Үшкемпір ішкі істер органдарында 2017 жылдың 14 желтоқсанынан бері қызмет атқарған, ал қазіргі қызметіне 2025 жылдың 6 ақпанында тағайындалған. Қызмет еткен жылдары ішінде 9 мәрте марапатталған.
Жамбыл облысы Полиция департаменті марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2025, 13:13 68541
Жамбыл ауданында орын алған жол апатынан біреуі жарақаттанып, үш адам қайтыс болды
Достарға айту
Жамбыл ауданында орын алған жол апатынан біреуі жарақаттанып, үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Алматы облысының полициясының баспасөз қызметінен.
4 ақпанда Алматы-Бішкек тас жолының 102-шақырымында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, Hyundai Elantra көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші мен Hyundai Elantra жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Chevrolet Cobalt көлігінің тағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда аса мұқият болуға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.02.2025, 10:02 72191
Қарағанды облысында жүк пойызының бір вагоны рельстен шығып кетті
Достарға айту
Қарағанды- Сұрыптау станциясында жүк пойызының бір вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.
2025 жылғы 1 ақпан сағат 15:30-да Қарағанды- Сұрыптау станциясында жүк пойызының бір вагоны рельстен шығып кетті.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала себеп - Өзбекстаннан келген компания иесі болып табылатын вагонның бүйір жақтауының сынуы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.01.2025, 08:11 84046
Ертіс өзенінде мұз астына құлап кеткен әйел құтқарылды
Достарға айту
Ертіс өзенінде мұз астына құлап кеткен әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Бүгін Павлодар қаласының Орталық жағалауында Ертіс өзеніндегі рейдтік іс-шаралар барысында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері мұздың астына құлап кеткен адамды көрді.
Құтқарушылар көмекке асықты. Олар 1994 жылы туған айелді жедел түрде судан шығарып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, содан кейін оны жедел жәрдем қызметерлеріне тапсырды. Белгілі болғандай, ол сүретке түсу үшін жұқа мұзға шыққан, бірақ мұз шыдамаған соң суға түсіп кеткен.
Құтқарушы Данил Соловей мұзға шығуға тыйым салынғанын еске салады. Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтары, ауа райына байланысты мұздың құрылымы тұрақсыз. Мұзға шықпауды өтінеміз. Өзіңізге және өміріңізге қауіп төндірмеңіз. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.01.2025, 11:44 96161
Алматыда зауыт ғимараты өртенді
Достарға айту
Алматыда зауыт ғимараты өртенді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
ТЖМ күштерімен өрт сөндірілді.
Нақтыланған мәліметтерге сәйкес екі қабатты полиуретан желімін өндіретін цехта 250 ш.м. алаңда өрт шыққан.
Өртті сөндіру цехтың өндірістік процесінде айналатын тез тұтанғыш сұйықтықтардың, уытты заттардың жоғары жанғыш жүктемесі болуымен күрделенді. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
23.02.2025, 21:41Риддерде жылу жүйесін жаңарту және тасқынға дайындық жұмыстары жалғасуда
17.02.2025, 14:04 157356Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді17.02.2025, 14:14 156206Бас прокурор президентке қадағалау органдарының басым бағыттары бойынша атқарған жұмыс қорытындылары туралы баяндалды17.02.2025, 14:53 155971Алматыда полиция қызметкерлері азаптағаны үшін сотталды17.02.2025, 15:01 155536Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады17.02.2025, 18:18 151866ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов алғашқы жиналыс өткізді
13.02.2025, 08:03 258406ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 254721Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 204151Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді17.02.2025, 14:04 157356Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді17.02.2025, 14:14 156206Бас прокурор президентке қадағалау органдарының басым бағыттары бойынша атқарған жұмыс қорытындылары туралы баяндалды