28.12.2022, 11:58 54061

Қарағанды облысында 19 жүк вагоны рельстен шығып кетті

Қарағанды облысында 19 жүк вагоны рельстен шығып кетті
Сурет: Depositphotos
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ

Қарағанды. 28 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - 28 желтоқсан, бейсенбі күні сағат 07:45-те Қарағанды-Ақадыр учаскесінің Қарабас станциясында жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кетуі орын алды, деп хабарлайды "ҚТЖ "ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, вагондардың жолдан шығып кетуі жеке меншік иесіне тиесілі бірінші астық тасымалдаушы доңғалақ жұбының кептелісіне байланысты болды. Орын алған жағдайды тексеру үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да арнайы комиссия құрылды.

Ұлттық компанияның мәліметінше, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Осы учаскедегі пойыздар қозғалысы көрші жолмен ұйымдастырылған. Қарағанды, Құлайғыр станциялары бойынша екі жолаушылар пойызы кідірілді. Вагондардың жолдан шығуы салдарын жою үшін Қарағанды, ЖаңАрқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы тартылды", - деп нақтылады баспасөз қызметінде.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны