08.11.2021, 13:56 24663

Қарағанды облысында шахтада алты адам қаза тапты

7 қараша күні сағат 08.37-де Абай қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Абай КД шахтасында желдеткіш Штрек 3-К10 түбінде метан газының кенеттен шығуы орын алды.
Қарағанды облысында шахтада алты адам қаза тапты
Сурет: Alina Kuptsova from Pixabay
ҚАРАҒАНДЫ. 8 ҚАРАША - Қарағанды облысында шахтада жұмыс істеу кезінде алты адам қайтыс болды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
7 қараша күні сағат 08.37-де Абай қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Абай КД шахтасында желдеткіш Штрек 3-К10 түбінде метан газының кенеттен шығуы орын алды. 
 

Шахтада барлығы 64 жұмысшы болды. 56 адам бірден өзін-өзі эвакуациялады. Оқиға орнында қалған 8 қызметкердің 6-ауы қайтыс болды, 2-еуі жарақат алды (ақпарат анықталуда). Қазіргі уақытта оларды шахтадан шығарып алу жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

 
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.
 
Оқиға орнына Қарағанды облысы ТЖД және КӘАҚҚ ОШ бөлімшесінің қызметкерлері мен техникалары шықты.
 
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған комиссия бара жатыр.
 
ТЖ-ны жоюға "КӘАҚҚ республикалық орталық штабы" ЖШС ҚФ (15 қызметкер), ТЖД (3 қызметкер және 2 бірлік техника), Апаттар медицинасы орталығы филиалының (3 қызметкер және 1 бірлік техника) күштері мен құралдары жұмылдырылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны