03.11.2022, 17:55 18881

"АрселорМиттал Теміртау" барлық шахталарының жұмысы бір тәулікке тоқтатылды

"АрселорМиттал Теміртау" барлық шахталарының жұмысы бір тәулікке тоқтатылды
Сурет: Depositphotos
Қарағанды. 3 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Ленин атындағы шахтада бес адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаға байланысты "АрселорМиттал Теміртау"-дың барлық сегіз шахтасының жұмысы бір тәулікке тоқтатылды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты.
 

Қазіргі уақытта "АрселорМиттал Теміртау" КД барлық шахталарының жұмысы қосымша нұсқама жүргізу, учаскелерді тексеру және шахтаға түсетін қызметкерлердің сынақтарын қабылдау үшін бір тәулікке тоқтатылды", - деді министр.

 
Оның айтуынша, шахта ішіндегі іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.
 

Қазіргі уақытта шахтада апат салдарынан болған өрт жойылды, бірақ түтін әлі бар. "КӘАҚҚ РОШ" ЖШС бөлімшелері шахта ішіндегі барлау және желдету жұмыстарын жүргізуде", - деді ТЖМ басшысы.

 
Министр комиссия барлық барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана оқиға болған жерді тексеруге кірісе алатынын айтты.
 

Бұгінде комиссия метанның шығуы, содан кейін гүрсіл мен өрт пайда болды деген қорытындыға келді. Апаттың себептерін тергеуге тәуелсіз сарапшылар тартылатын болады", - деді Ильин.

 
Өз кезегінде Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қаза тапқандардың барлық отбасыларына осы кеншілердің 10 жылдық жалақысы мөлшерінде көмек көрсетілетінін хабарлады.
 

Сонымен қатар, кредиттерді өтеуге, балаларды оқытуға байланысты төлемдер жүзеге асырылатын болады. Осы жылдан бастап ұжымдық шартта зардап шеккендердің отбасылары үшін қосымша тұрғын үй сатып алу бойынша норма бар", - деді Қасымбек.

 
Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Ол сондай-ақ Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне апат себептерін анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырды.
 
3 қарашада сағат 03.03-те Шахтинск қаласындағы "Арселор Миттал Теміртау" АҚ Көмір департаменті Ленин атындағы шахтада газды дренаж ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде кенеттен газ бөлінді. Авариялық учаскеде болған бес адам қайтыс болды.
 
Бүгін Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті шахтадағы трагедияға байланысты "АрселорМитталға" қойылатын талаптарды айтты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны