11.04.2023, 20:10 27111

Астанада Энергетика министрлігі ғимаратының жанында ондаған мұнайшы ұсталды

Астанада Энергетика министрлігі ғимаратының жанында ондаған мұнайшы ұсталды
Сурет: бейнеден кадр
Ереуілшілерді ұстау бойынша СОБР операциясы жедел жүргізілді

Астана. 11 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Кешеден бері астанада мұнай саласы бойынша қызмет көрсету компаниясының бір топ жұмысшысы санкцияланбаған митинг ұйымдастырды, деп хабарлайды Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ел заңнамасы бойынша, бұқаралық іс-шаралар жергілікті атқарушы органдарды хабардар ете отырып, тұрғындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандардың қалыпты жұмысына кедергі келтірмейтіндей, арнайы рұқсат етілген жерде ұйымдастырылуы керек.

Митингке қатысушылардың жергілікті атқарушы органдарға митинг өткізу туралы өтініш жолдамай, жергілікті мәслихат шешімінің тізімінде жоқ жерде санкцияланбаған шара ұйымдастырып, "Бейбіт жиындар туралы" Заңын бұзуына байланысты полицияға акцияның бірқатар ұйымдастырушысы мен белсенді қатысушылары жеткізілді.

Заң бұзғандар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 488 және 667 баптары бойынша жауапқа тартылады. Аталмыш баптардың талаптарына сәйкес кінәлі адамдарға ескерту жасалады немесе 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Заңбұзушылардың әрекетіне қолданыстағы заңнама талаптары бойынша баға беріледі.

Полиция ҚР бекітілген қоғамдық тәртіпті бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру, пикет сияқты өзге де бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Еске салсақ, кеше Энергетика министрлігі ғимаратының алдына 70-ке жуық жаңаөзендік ("Бералы Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлері) жиналды. Бүгін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында ведомство ғимаратының маңайында түнеп шыққан жаңаөзендік жұмысшылардың талаптары бойынша ресми шешім әзірленіп жатқанын айтты. Бұл мәселеге байланысты пікір білдірген вице-премьер Алтай Көлгінов заң аясында әрекет ету қажеттігін, "тендерден ұтылған компанияның қайтадан ұтып шыққанын талап ету" дұрыс еместігін айтты.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны