Астанадағы өрт: ТЖМ басшысы Аян Кемпіровке ІІІ дәрежелі "Айбын" орденін табыс етті
Юрий Ильин адамдарды құтқару барысында зардап шеккен елордалық өрт сөндірушілер Асқар Забикулин мен Аяна Кемпіровтің жағдайын білу үшін ауруханада барды.
Сурет: ҚР ТЖМ
Астана. 18 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - ТЖ министрі Юрий Ильин адамдарды құтқару барысында зардап шеккен елордалық өрт сөндірушілер Асқар Забикулин мен Аяна Кемпіровтің жағдайын білу үшін ауруханада барды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Юрий Ильин өрт сөндірушілер Асқар Забикулин мен Аян Кемпировтың емі қалай жүріп жатқанын білді. Қызметкерлердің туыстары мен жақындарымен кездесіп, оларға шыдамдылық, табандылық және тез сауығып кетуін тіледі. Министр аурухананың бас дәрігерінен - дәрі-дәрмектің емделуге жеткілікті ме, жоқ па, барлық қажетті дәрі-дәрмектердің бар екенін білді.
Қазіргі уақытта Асқар Забикулин №1 көпсалалы қалалық аурухананың реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр, күйік ауданы 80%, жағдайы өте ауыр деп бағаланады.
Тағы бір зардап шеккен № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Аян Кемпіров комбустиология бөлімінде ем қабылдап жатыр, күйік ауданы-7-10%.
Ауруханаға барған кезде Министр № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Аян Кемпіровке Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен берілген ІІІ дәрежелі "Айбын" мемлекеттік наградасын тапсырды.
Маған Мемлекет басшысы жоғары сенім білдіріп, өз атынан біріншіден, қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығыңыз үшін алғыс айту тапсырылды. Сіздің тез сауығып кетуіңізді тілеймін. Сонымен қатар осы жерде тұрған дәрігерлерге жеделдігі мен уақтылы атқарылған жұмыстары үшін алғыс айтқым келеді. Олардың айтуынша жағдайыңызда жақсару динамикасы бар", - деп айтты Юрий Ильин.
Мемлекеттік награданы табыс ете отырып Юрий Ильин Аян Кемпіровтің анасына баласына осындай тәрбие бергені үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар, ТЖ министрі Юрий Ильин мен Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов Асқар Забикулиннің отбасына барып, үш бөлмелі пәтерге сертификат табыс етті. Пәтер демеушілік қаражат есебінен беріледі.
Сондай-ақ, өрт сөндіруші Аян Кемпіровтың отбасына ипотеканы өтеуге көмек көрсетілетіні атап өтілді. Екі отбасына да несиелерін өтеуге көмектесу туралы шешім қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, 16 қарашада Астанада өрт сөндірушілер Момышұлы даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйдегі жанып жатқан пәтерден бес адамды құтқарды.
17 қарашада Мемлекет басшысы Астанадағы көпқабатты үйдегі өрт кезінде ерлік көрсетіп, бірнеше адамның өмірін құтқарған елордалық өрт сөндірушілерді ҚР Мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.