14.04.2021, 21:00 38256

Astra Consulting agensy қаржы пирамидасының қызметінен 600 млн теңгеден астам шығын келді

АЛМАТЫ. 14 СӘУІР - Алматыда "Astra Consulting agensy" ЖШС қызметі қаржылық пирамида ретінде танылды.
 
Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасы осы компанияның басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты алғашқы мәлімдеме полицияға 2019 жылдың желтоқсанында түскенін еске түсірді. Бүгінгі күні зардап шеккендердің ресми саны – 124 адам.
 

Азаматтарды ақша салуға тарту және ай сайынғы девиденттерді төлеуге уәде беру бойынша бірқатар алаяқтық іс-әрекеттерді жасады деген күдікпен компанияның алты қызметкері ұсталып, қамауға алынды. Оның жетекшісі халықаралық іздеуге жарияланды. Күдіктілердің іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі (Қаржылық пирамида) бойынша квалификацияланған. 124 салымшыға келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 601 миллион 245 мың 283 теңгені құрады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ПД тергеу Басқармасы жүргізеді. Заңсыз әрекеттердің басқа қатысушыларын, сондай-ақ жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты біз жоғарыда аталған компания өкілдерінің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды тергеушіге мына телефон нөмірі 8-701-732-86-54 арқылы байланысуға немесе Алматы қаласы, Масанчи көшесі 55 үйге келіп ресми өтініш жазуға шақырамыз", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

 
Ақпарат көзі: Polisia.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны