14.03.2022, 18:25 39696

"Атамекен" ҰКП филиалында пара алушы директор ұсталды

"Атамекен" ҰКП филиалында пара алушы директор ұсталды
Сурет: Pexels
ТАЛДЫҚОРҒАН. 14 НАУРЫЗ - Қаржылық мониторинг агенттігі "Атамекен" ҰКП филиалында қызмет бабын асыра пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Алматы облысы бойынша Қаржылық мониторингі агенттігінің аумақтық департаментімен "Бастау Бизнес" мемлекеттік жобасы аясында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге мемлекеттік несие алуға жәрдемдескені үшін "Атамекен" ҰКП облыстық филиалының директорына қатысты қылмыстық іс тіркелді, ол өз қызмет бабын пайдаланып, кәсіпкерлерден бірнеше рет заңсыз 200 мың теңге ақшалай сыйақы алған, оған қатысты қылмыстық іс тіркелді", - деп хабарлайды ҚМА.

 
Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 253-бабының 4-бөлігі сотқа дейінгі тергеу аяқталып, прокуратураға жолданды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны