11.10.2021, 18:56 26179

Аттракционда қарағандылық әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды облысының Полиция департаменті "Созвездие" қонақ үйінің аумағында болған өлім жағдайына түсініктеме берді.
ҚАРАҒАНДЫ. 11 ҚАЗАН - Қарағандылық полицейлер 25 метр биіктіктен арқанмен секірген әйелдің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
 
Қарағанды облысының Полиция департаменті "Созвездие" қонақ үйінің аумағында болған өлім жағдайына түсініктеме берді.
 

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 1-бөлігі ("Тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету, сол сияқты көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың немесе қызметтердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты заңсыз беру немесе пайдалану, егер бұл әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқса") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жағдай анықталуда", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.

 
Осы бап бойынша күдікті белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айырылуы мүмкін. Немесе бұл тыйым қолданылмастан, 160 АЕК-ке дейін айыппұл төлеуге, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не болмаса 160 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылуы ықтимал. Немесе 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу көзделген.
 
Еске сала кетейік, кеше "Созвездие" қонақ үйінің аумағында жазатайым оқиға орын алған болатын. 25 метр биіктікте қонақүйдің шатырында орнатылған аттракционнан әйел төменге секірді. Салдарынан ол жердегі бетонды құрылысқа құлап түсті. Әйел өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, ол көз жұмды. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны