09.03.2023, 11:43 26386

Атырауда браконьерлерден жарты тоннадан астам ақбөкен мүйізі тәркіленді

Келтірілген шығын - 6 млрд 264 млн теңгеден астам
Атырауда браконьерлерден жарты тоннадан астам ақбөкен мүйізі тәркіленді
Сурет: Depositphotos
Атырау. 9 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Атырауда полиция үш браконьерден жарты тоннаға жуық ақбөкен мүйізін тәркіледі.
 
Береке ықшам ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірін тексеру барысында жалпы салмағы 500 келіден асатын 2421 дана ақбөкен мүйіздері анықталған.
 
1991 ж.т., 1987 ж.т. және 1986 ж.т. күдіктілер ұсталды. Келтірілген шығын - 6 млрд 264 млн теңгеден астам, деп хабарлайды Polisia.kz.
 
ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
 
Сонымен қатар, ҚР Бас прокуратурасының хабарлауынша, Атырауда заңсыз балық аулаған браконьерлер табиғатқа 1,2 млрд теңгеден астам залал келтірген.
 
Ведомствоның ақпараты бойынша, балықтарды, оның ішінде бекіре тұқымдас балықтарын заңсыз қолға түсіру, иемдену, тасымалдау, сақтау және өткізу қылмыстары үшін 93 адам сотталды, оның 26-сы - нақты бас бостандығынан айыру жазасына.
 

Мысалға, азамат "Ш.Р." бекіре тұқымдас балықтарын заңсыз иемденгені және сақтағаны үшін мемлекетке келген залал 130 млн теңге өндіруімен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған", - деп бөлісті баспасөз қызметі.

 
Ведомствода облыс тұрғындары мен қонақтарын бекіре тұқымдас балықтары мен дериваттарын арнайы дүкендерден және олардың заңдылығын растайтын құжаттары болған кезде ғана сатып алу қажеттілігіне назар аударады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны