26.09.2022, 17:04 21321

Қайрат Сатыбалды алты жылға бас бостандығынан айырылды

Қайрат Сатыбалды алты жылға бас бостандығынан айырылды
Сурет: azattyq-ruhy.kz
АСТАНА. 26 ҚЫРКҮЙЕК - Елордада Қайрат Сатыбалды ісіне қатысты сот үкімі шықты.
 
Іс Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотында қаралды.
 

Қайрат Сатыбалды ҚР Қылмыстық кодексі 28-бабының 3-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы, ҚР ҚК 28-бабының 3-бөлігі 2-тармағы және 95-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасады деген айыппен сотқа екі эпизод берілді. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 387, 402, 623, 626-баптарын басшылыққа ала отырып, сот Қайрат Сатыбалдыны ҚР ҚК-нің 28-бабының 3-бөлігінде, 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында, ҚР ҚК-нің 195-бабының 28-бабының 3-бөлігінде, 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп тану туралы үкім шығарды", - деді Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотының судьясы Нұрлан Баяхметов сот отырысында.

 
Оның айтуынша, ҚР ҚК 28-бабының 3-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша оның мүлкі тәркіленеді. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.
 

Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік және мемлекеттің үлесін құрайтын ұйымдарда лауазымға орналасу құқығынан айыра отырып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын", - деді судья.

 
Қ.Сатыбалды жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. 
 
Еске салсақ, биылғы 13 наурызда елорда соты Қайрат Сатыбалдыны қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұған дейінгі сот процесінде прокурор оны 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты "Қазақтелеком" АҚ мен "Көліктік сервис орталығы" АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Тергеу барысында заңсыз сатып алынған активтер мен айыпталушылардың жалпы сомасы 240 миллиард теңгеден астам немесе 500 миллион АҚШ долларынан астам ақшалай қаражаты мемлекетке қайтарылды. 

Сатыбалдыұлына қатысты салық пен кедендік төлемдерді төлеуден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істер қосымша тергелуде. Айыпталушылардың басқа да заңсыз активтерін іздеу белсенді түрде жалғасуда. 

Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны