14.11.2022, 18:52 13141

Қазақстанда ауыстырылатын ұялы нөмірлерді бұғаттай бастайды

Қазақстанда ауыстырылатын ұялы нөмірлерді бұғаттай бастайды
Сурет: Depositphotos
Астана. 14 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Алаяқтардың қоңырауы үшін байланыс операторларына жауапкершілік күшейтіледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев айтты.
 

Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, байланыс операторларының өкілдері қатысуымен бірнеше кеңес өткізді. Қазір ұялы байланыс операторларлары ауыстырылған нөмірлермен шалынатын қоңырауларға тосқауыл қою мәселесімен айналысып жатыр. Бұл мәселе жылдың соңына дейін шешіледі", - деді Рүстем Дүйсетаев ІІМ баспасөз алаңында өткен брифингте.

 
Оның түсіндіруінше, ауыстыру байланыс операторларының кез келген нөмірлеріне жасалуы мүмкін.
 

Өкілетті органдармен бірге пластик карталарды бергені үшін жауапкершілік енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Сонымен қатар санкцияланбаған трафикті жібергені үшін байланыс операторларының жауапкершілігін қатаңдату мәселесі де қарастырылуда", - деді ІІМ өкілі.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны