15.03.2023, 08:16 24366

Қазақстанда есірткі өндірумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топ жойылды

ҰҚТ Қазақстанда 8 есірткі зертханасын ашуды жоспарлаған
Қазақстанда есірткі өндірумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топ жойылды
Сурет: Polisia.kz видеосынан скриншот
Астана. 15 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - ІІМ, ҰҚК, ҚМА және Алматы облысы ПД ведомствоаралық тобы ауқымды арнайы операция барысында интернет-ресурстардың көмегімен синтетикалық есірткілер өндірісін және оларды Қазақстан аумағында өткізуді ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топтың қызметін жойды, деп хабарлайды Polisia.kz.


Өткен жылдың соңында Алматы облысында өңірлік ПД жедел қызметкерлері жедел шаралар жүргізді. Шара барысында өңір аумағында үш жасырын зертханада синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған сегіз шетелдік анықталып, ұсталды", - деп еске салды полицияда.


Одан әрі жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қосымша осы қылмыстық топты қаржыландыруға, сондай-ақ прекурсорларды (есірткі өндіруге арналған химиялық заттарды) және зертханалық жабдықтарды шетелден Қазақстанға жеткізуге жауапты екі шетелдікті, яғни негізгі ұйымдастырушыларды анықтады.

Прекурсорларды жеткізуді, сақтауды және өткізуді ұйымдастырған ұйымдастырушылардың бірі Алматы қаласында ұсталды. Тінту барысында ол жалға алған алты қоймадан есірткі өндіру цикліне арналған сегіз бірлік "реакторлар" деп аталатын арнайы зертханалық жабдық және 13 тонна прекурсорлар тәркіленді. Осылайша, елімізде екі тонна синтетикалық есірткі өндіруге (бұл 4 млн бір реттік доза) және сегіз ірі есірткі зертханасын құруға жол берілмеді", - деп хабарлады полицияда.


Сондай-ақ синтетикалық есірткі өндіруге арналған 30 бірліктен астам басқа жабдық, оның ішінде вакуумдық сүзгілер, терморегуляторлар, сорғылар тәркіленді. Үш жеке үй мен үш автокөлікке тиым салынды. Тергеу жалғасуда.

Ақпарат көзі: Polisia.kz 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны