Қазақстанда тағы бір GAP қаржылық пирамидасы анықталды
Ұйымдастырушылар өздерін "GAP" тұтыну кооперативі ретінде танытып, тұрғындарға ақшаларын жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алуға салуды ұсынғаны анықталды.
Сурет: Depositphotos
ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 1-бөлігі "Қаржы пирамидасын құру және басқару" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.
ҚР ҚМА деректері бойынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдастырушылар өздерін "GAP" тұтыну кооперативі ретінде танытып, тұрғындарға ақшаларын жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алуға салуды ұсынғаны анықталды. Ол үшін кезекке тұру мақсатында тұрғын үйдің немесе автокөлік құнының 10% бастапқы жарнаны төлеу қажет болды. Осылайша, ұйымдастырушылар қаржы пирамидасына активтерді тартуды қамтамасыз етті.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚМА қызметкерлері GAP қаржы пирамидасы өкілдіктерінің Қостанай және Шымкент қалаларында қызметін тоқтатқан болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.