10.05.2024, 12:51 58131

Қазақстандағы су тасқыны: 54 мыңнан астам адам үйлеріне оралды

Қазақстандағы су тасқыны: 54 мыңнан астам адам үйлеріне оралды
Сурет: ТЖМ
Елімізде су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда 54 мыңнан астам адам үйлеріне оралды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында мотопомпалармен және жылжымалы сорғы станцияларымен 451 үй мен 43 аула аумағын судың бағыты бұрылып, су сорылды, су басқан 784 үй мен 364 аула аумағында су сору жұмыстары жалғастырылуда. Барлығы 255 512 текше метр су сорылды. Қызылжар ауданының Затон, Бескөл, Кривозерка ауылдарындағы үйлер мен аула аумақарынан су толығымен бұрылып, сорылды.

Атырау облысының Құлсары қаласында өткен тәулікте 6 үйден су сорылды, су басқан 14 үйден су сору жұмыстары жалғастырылуда. Барлығы 43 181 текше метр су сорылды. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторнинг жүргізілуде. Жағдай бақылауда. Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында 2 км бөген салу қалды, жұмыстар жалғастырылуда.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 2 100 қапшық пен 240 тонна инертті материал төселді. Өңірдегі жағдай тұрақталуда.

Республика бойынша 17 637 млн еріген қар суы сорлып, 10 470 тұрғын үй мен 3 258 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 54 276 адам өз үйлеріне оралды. 5 284 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 10 115 адам, 1 032 техника, 321 су сору құралы және 60 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды.

Құрғатылған үйлер мен аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны