02.03.2021, 21:42 19186

Қазақстандық оқушы футбол ойнай алмағаны үшін сыныптастарының мазақ еткендіктен өз-өзіне қол жұмсады

Нұр-Сұлтан. 2 наурыз. Kazakhstan Today - Футболды нашар ойнағаны үшін бүкіл сыныптың алдында мазақ болған бала өзіне-өзі қол жұмсаған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде балалардың құқықтарын қорғау бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрлігі басшысының бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Еліміздегі мектептердің бірінде 12 жастағы мектеп оқушылары жүйелі түрде қысым көрсеткен, яғни олардың тілімен айтқанда, сыныптасына футбол ойнай білмегені үшін троллинг жасаған. Бірнеше ойын жеңіліс тапқан соң, бұған кінәлі сол болып шығады. Футболды нашар ойнағаны үшін бүкіл сыныптың алдында мазақ болған бала өзіне-өзі қол жұмсаған", - деді Қожаев.

 
Спикер буллинг және кибербуллинг ұғымдарын заңнамаға енгізу проблемалық мәселелер шеңберін белгілеуге және оларды шешуге кешенді қарауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
 

Жалпы, балалар суицидінің 80% астамында себептерді анықтау мүмкін емес, осыған орай оларда жүйелі түрде ренжітумен, оның ішінде құрдастарының ренжітуіне байланысты психологиялық жарақаттардың болу ықтималдығы да ескеріледі. Бұл ретте, балалар мұғалімдер мен ата-аналарға мектептегі және интернеттегі қарым-қатынастар туралы әрдайым айта бермейді, көп жағдайда бала өз проблемаларымен жалғыз қалады", - деді спикер.

 
Халықаралық тәжірибеде "буллинг" дегеніміз - бір адамға басқа адамның немесе адамдар тобының әртүрлі себептер бойынша агрессивті қудалауы. Мысалы, қауесеттердің тарауы, бойкот жариялау. Бұлай жәбірлеу баланың психикасының қалыптасуына теріс әсер етеді, содан кейін ересек өмірде ерекше қатыгездік түрінде көрініс табуы ықтимал. 
 
Ол криминалистика тарихына сүйеніп, белгілі сериялық қылмыскерлердің көпшілігі балалық шағында құрдастарының шабуылына немесе отбасындағы жаман қарым-қатынасқа ұшырағанын атап өтті. Мұндай жағымсыз құбылыстар біздің қоғамда, әсіресе жасөспірімдер арасында орын алады.
 
Оның айтуынша, кейбір елдерде мұғалімдер буллингтың барлық түрлерін болдырмау үшін арнайы дайындықтан өтеді.
 
Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Динара Закиева өткен жылы елімізде 143 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады, ал 306 кәмелетке толмаған бала өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасады деп хабарлады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны