21.04.2023, 11:43 21181

Қазақстанның оңтүстігінде жарылғыш затты қолдану арқылы теракт дайындалды

Астанада радикалды діни ұяшықтың 8 мүшесі террористік топты құру, терроризмді насихаттау және қаржыландыру, сонымен қатар өзге де қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді
Қазақстанның оңтүстігінде жарылғыш затты қолдану арқылы теракт дайындалды
Сурет: Polisia.kz
Түркістан. 21 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - ҰҚК терроризмге қарсы бөлімшелері оңтүстік Қазақстанда шет елдік азамат қолдан жасалған жарылғыш құрылғысын қолдану арқылы әзірлеген террористік актінің алдын алды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Сонымен қатар, ҰҚК мәліметтері бойынша, астанада радикалды діни ұяшық бейтараптандырылды. Оның 8 мүшесі террористік топты құру, терроризмді насихаттау және қаржыландыру, сонымен қатар өзге де қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді.

Осыған ұқсас фактілер бойынша жалпы 19 адам ұсталып, Қазақстанның тағы 4 азаматы әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Аталған қауіптерге қарсы іс-қимылды жетілдіру аясында Терроризмге қарсы орталықтың үйлестіруімен 188 оқу-жаттығулары өткізілді. Құзыретті мемлекеттік органдардың күш-құрылымдарының террористік қатерлерді уақтылы анықтау мен терроризм актілерінің жолын кесу бойынша іс-қимылдарын бірлестіру жұмысы пысықталды. Жалған терроризмге қарсы іс-қимылды жетілдіру бойынша шаралар күшейтілді", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны