31.01.2022, 16:39 18661

"Қазатомөнеркәсіп" кәсіпорындарынан мұнай өнімдерін ұрлаған ҰҚТ Түркістан облысында ұсталды

"Қазатомөнеркәсіп" кәсіпорындарынан мұнай өнімдерін ұрлаған ҰҚТ Түркістан облысында ұсталды
Сурет: Polisia.kz
ТҮРКІСТАН. 31 ҚАҢТАР - Ішкі істер министрлігінің үйлестіруімен Түркістан облысы Полиция департаменті Созақ ауданында "Қазатомөнеркәсіп" кәсіпорындарынан аса ірі көлемдегі жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауар-материалдық бағалы заттарды ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті. 
 

ЖЖМ мен өзге де ТМБЗ шығаруға әрекет жасау кезінде топ ұсталған, оның құрамына 10-нан астам адам кірген, оның ішінде сотталғандар мен деструктивтік діни ағымдарды ұстанушылар болған. Жедел ақпарат бойынша олар ай сайын он миллион теңгеге мүлік ұрлаған", – деп хабарлайды Polisia.kz.

 
Ұрланған заттардың радиациялық қауіптілігі мен тасымалдау және сақтау жағдайларын сақтамау оларды сату кезінде қылмыскерлерді тоқтатпаған. 
 
Сондай-ақ, ІІМ деректері бойынша, олар бопсалау, кәсіпкерлерге "қамқорлық жасаумен" және рэкетпен айналысқан. Криминалдық ортада өздерінің ұстанымдарын нығайту үшін қару қолдана отырып, есеп айырысулар жасаған. 
 

Тінтулер барысында қылмыскерлерден есірткілер, атыс қаруы, күмәнді діни әдебиет, қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражат, "қара бухгалтерия" блокноттары және "Қазатомпром" кәсіпорындарынан ұрланған материалдық бағалы заттар табылды",- деп хабарлады полицияда.


 
Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 197 (Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау және сатып алу), 287 (Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, сату және сақтау) және 296 (Есірткі құралдарымен заңсыз іс-әрекет) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 
 
Қалған фактілер бойынша дәлелдер жинау жүргізілуде. 
 

Барлық жедел іс-шаралар прокурордың санкциясымен жүргізілді, кінәлі адамдар ұсталды және соттың санкциясымен тергеу изоляторына енгізілді", - деп атап өтті ІІМ.

 
Бұған дейін Алматыда қарақшылық шабуылдарға қатысқан ҰҚТ-ның бес көшбасшысы мен мүшелері ұсталған болатын.
 
Ақпарат көзі: Polisia.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны