04.01.2023, 13:27 27051

Байқоңырда халықаралық ҰҚТ-ның жолы кесілді

Байқоңырда халықаралық ҰҚТ-ның жолы кесілді
Сурет: Polisia.kz
Бір уақытта Астана, Қызылорда және Қонаев қалаларында аталған топтың көмекшілері ұсталды

Байқоңыр. 4 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Кеше ҚР ҰҚК мен ІІМ Ресейлік Федералдық қауіпсіздік қызметі және ІІМ-мен бірге Байқоңыр қаласында құрамына Қазақстан және Ресей азаматтары кірген қоғамға қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу бойынша бірлескен арнайы операцияны іске асырды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Бір уақытта Астана, Қызылорда және Қонаев қалаларында аталған топтың көмекшілері ұсталды.

Жалпы арнайы операция барсында ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 басшылары мен белсенді мүшелері ұсталды.

Олардың тұрғылықты жерлері бойынша атыс қаруы, ақшалай қаржы және тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де материалдар алынды. Қылмыстық топтың адам ұрлауға, бопсалауға, қарумен қарақшылық шабуылдау және ұрлыққа қатыстылығы бары анықталды. Қылмыстық элементтер ұзақ уақыт бойы Байқоңыр қаласы және Қызылорда облысындағы қылмыстық ахуалға кері әсер етіп келіп, ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасауда қатыгездіктерімен ерекшеленген", - деп хабарлайды ҰҚК.



Мысалы, 2022 жылғы қыркүйекте қылмыстық топтың қатысушылары арасындағы қарулы қақтығыс салдарынан көшеден өтіп бара жатқан бейбіт адам оқ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған.

ҰҚК қызметкерлері арнайы операцияны прокуратурамен келісе отырып, жедел-іздеу және техникалық іс-шаралардың кешенін жүргізу арқылы көп айлар бойы тыңғылықты әзірлеп келген.


Қазіргі уақытта сот алды тергеу аясында ұсталғандардың өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде және қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны