13.05.2022, 17:11 18301

Боранбаев пен Сатыбалдыға қамауға алу мерзімін ұзартты

Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды.
Боранбаев пен Сатыбалдыға қамауға алу мерзімін ұзартты
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 13 МАМЫР - Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Елордалық сот баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 2022 жылғы 10 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.С. Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты.
 

2022 жылғы 12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ. Сатыбалдыұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 
Қайрат Сатыбалдының ұсталғаны 13 наурызда белгілі болды. Ол аса ірі көлемде "Қазақтелеком" АҚ қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. 
 
Қайрат Боранбаевты ұстау туралы мәлімет 16 наурызда белгілі болды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны