07.04.2023, 09:56 21921

Браконьерлер Іле өзенінде инспектор және аңшымен бірге қайықты суға батыруға тырысты

Олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Браконьерлер Іле өзенінде инспектор және аңшымен бірге қайықты суға батыруға тырысты
Сурет: gov.kz
Қонаев. 7 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Іле өзенінде браконьерлер ұстамақ болған кезде мемлекеттік инспектор мен аңшыға қарсылық көрсетіп, қайықтарын суға батыруға тырысты. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
 
2023 жылғы 4 сәуірде Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының Төменгі Іле балық инспекциясының мемлекеттік инспекторы "Майтан" ЖШС қорықшысымен Іле өзенінде бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде тыйым салынған құралдарды (электр тогын) қолдана отырып заңсыз балық аулау дерегін анықтады.
 
Ведомствоның мәліметі бойынша, үш моторлы қайықта 6 заң бұзушы браконьерлікпен айналысып, ұстамақ болған кезде олар табиғат пайдаланушының жүзу көлігін суға батыруға әрекет жасап, оқиға орнынан бой тасалап кетті.
 

Бұл жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 380-1-бабында көзделген құқық бұзушылықтың құрамы, яғни мемлекеттік инспектор мен қорықшының қызметтік міндеттерін орындау кезінде олардың өміріне қолсұғушылық. Осы бапқа сәйкес, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор мен қорықшыға қатысты олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде қасақана іс-әрекеттері үшін мүлкі тәркілене отырып 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Сонымен қатар, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз өндіргені үшін ҚР ҚК-нің 335-бабымен 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік белгіленді", - деп атап өтті Экология министрлігі.

 
Осыған байланысты Алматы облысы Балқаш ауданының полиция бөліміне 2023 жылғы 6 сәуірде ұстау кезінде қарсылық көрсету, қызметтік міндеттерін атқару кезінде лауазымды адамдарға шабуыл жасау және заңсыз балық аулау фактілері бойынша іс жүргізу шешімін қабылдау үшін өтініш берілді.
 
Бұл мәселе ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитетінің бақылауына алынды.
 
Еске салайық, 2019 жылы Қарағанды ​​облысындағы "Охотзоопром" инспекторларына браконьерлер тарапынан резонансты шабуыл жасалған болатын. Олардың бірі Ерлан Нұрғалиев ауыр жарақат алып, қайтыс болды.
 
Осы оқиғадан кейін 2020 жылы "Охотзоопром" қорықшылары мен инспекторларының өміріне қол сұғушылық үшін жаза қатаңдатылды. Қорықшыларға шабуыл жасағаны үшін браконьерлер 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны