28.04.2023, 13:13 30076

Chia Tai Tianqing қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген Қытай азаматы Қазақстаннан шығып кетті

Бұл компанияға тартылған қаражат көлемі, алдын ала мәлімет бойынша, 7 млрд теңгеден асады
Астана. 28 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан аумағында "Chia Tai Tianqing" қаржы пирамидасын құру және басқару фактісін тіркеді.

Chia Tai Tianqing компаниясы 2022 жылдың шілдесінен бері жұмыс істеп келеді және фармацевтикалық зауыт құрылысына инвестиция салу, сондай-ақ тағамдық қоспалар мен басқа да дәрі-дәрмектерді дамытуға инвестиция салу желеуімен инвесторлардан қаражат тартып келеді. "Chia Tai Tianqing" Қазақстанда заңды тұлға ретінде тіркелмеген.

Болжам бойынша, қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының аумағынан шығып кеткен Қытай азаматы", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.


Алматы қаласының аумағында Қазақстанның үш азаматы компанияның заңсыз қызметін насихаттаумен айналықан. Олардың жеке басы анықталды.

Олар инвесторларға компанияға салынған инвестициядан жоғары қайтарым алуға уәде берген.

Жаңа салымшыларды тартқан жағдайда 10% көлемінде сыйақы беруді уәде еткен.

Салымшыларға қаражаттың қабылданғанын растайтын құжаттар ұсынылмайды, келісім-шарт жасалмайды. Компанияның жұмысы жасырылған, Қытайдың белгілі "Chia Tai Tianqing" компаниясының логотипі қолданылған, ал олардың қытайлық компанияның қызметіне ешқандай қатысы жоқ", - деп хабарлады агенттік.


Бұл компанияға тартылған қаражат көлемі, алдын ала мәлімет бойынша, 7 млрд теңгеден асады.

Өткен аптада Алматы қаласы департаментіне жәбірленушілерден аталған тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 200-ден астам өтініш келіп түскен.

Қаржы пирамидасын ұйымдастыруға күдікті үш жетекшінің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны