02.12.2022, 20:26 10161

Екібастұздағы апат: қанша үй жылу мен сусыз қалуда

Екібастұздағы апат: қанша үй жылу мен сусыз қалуда
Сурет: primeminister.kz
Жылу тораптарын үйлерге жеткізуді 3 желтоқсанда, кем дегенде 4 желтоқсанда аяқтау жоспарлануда

Екібастұз. 2 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазіргі таңда жалпы саны 30 тұрғын үйде жылу жоқ. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Крук айтты.
 

Бізде 49 үй жылудан ажыратылған еді. Бүгін таңертен 52-ші орталық жылу пунктін қосып, құбырларда қатқан мұздары еріте бастадық. Нәтижесінде орталықтандырылған жылу жүйесінен ажыратылған 17 үйдің алтауына жылу берілді. Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ОЖЖ-нен 11 үй, 5а және 6 шағын аудандарда 19 баспана жылусыз отыр. Қазіргі таңда жалпы саны 30 тұрғын үйде жылу жоқ", - деді Олег Крук.

 
Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекиннің мәліметіне сәйкес, шаһарда әлі 40-тан астам үй сусыз, 11 үй жарықсыз отыр.
 
Еске сала кетейік, бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі Екібастұз қаласына қосымша күштер мен құралдар жіберген болатын.
 
Екібастұз жылу электр орталығында апат 27 қарашада болған еді. Салдарынан қала тұрғындары жылусыз қалды.
 
Кейінірек жылу қазандығының істен шығуына байланысты облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды.
 
Екібастұз қаласының оқушылары онлайн оқуға көшірілді.
 
28 қараша күні таңертең қалада жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.
 
30 қарашада Екібастұзға Премьер-Министр Әлихан Смайылов барып, кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты.
 
Кеше, 1 желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовты Павлодар облысының әкімі қызметінен босатты. Оның орнына уақытша Олег Крук тағайындалды.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны