06.12.2022, 08:53 10061

Екібастұзда ЖЭО қызметкері өлі табылды

"Екібастұз жылу энергиясы" баспасөз қызметі қызметкердің қайтыс болғанын растаған
Екібастұзда ЖЭО қызметкері өлі табылды
Сурет: instagram / ete_ekb
Екібастұз. 6 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Екібастұзда автомобиль салонында ЖЭО учаскесінің бастығы өлі күйінде табылды.

Алдын ала болжам бойынша, ер адам әйелімен болған жанжалдан соң гаражға кетіп, сондағы көлігін оталдырған. Кейін ол ұйықтап, газдан уланып қалған болуы мүмкін. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлайды.

Қаза тапқан ЖЭО учаскесінің бастығы туралы ақпарат әлеуметтік желіде кең тарады. Онда қаза тапқан 33 жастағы ер адамның денесі гараждан табылғаны, оның денесінде зорлық іздері болмағаны туралы полицияның баянаты жарияланды.

 "Екібастұз жылу энергиясы" баспасөз қызметі қызметкердің қайтыс болғанын растаған.

4 желтоқсан күні "Екібастұз жылу энергиясы" ЖШС-не полиция басқармасынан қаладағы гараждарының бірінен көлік ішінен Екібастұз ЖЭО қызметкерінің денесін тапқаны туралы қоңырау түсті. Деректерді тексеру кезінде олар бұл шынымен орталық қызметкері екенін анықтады", - деді кәсіпорын.


Ал Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факт қалалық басқармада тіркелген, қазір тексеру жүргізілуде.

Бұған дейін хабарланғандай, Екібастұз ЖЭО-дағы апат қала тұрғындарын 30 градус аязда жылусыз қалдырды. 130 тұрғын үй, сондай-ақ әлеуметтік нысандар: мектептер, балабақшалар мен ауруханалар жылытудан ажыратылды. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Павлодар облысының прокуратурасы ТЖ фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оның тергеуін арнайы комиссия жүргізді.

Бірінші вице-премьер Роман Скляр апаттың алдын-ала себептерін айтты. Оның айтуынша, станция қызметкерлерінің қате әрекеттерінен желідегі қысым күшейіп, соның салдарынан жылу трассаларында көптеген жарылулар орын алған және бұл өз кезегінде қазандықтардың тоқтап қалуына әкеліп соқты.

Екібастұздағы апаттың салдары әлі де жойылуда.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны