16.02.2023, 10:13 29521

Екібастұздың екі тұрғыны батарея жарылған кезде токтың соғуынан қайтыс болды

Қонақ бөлмесінде еденде ашық сымдары бар электр жылытқышы бар екендігі анықталды
Астана. 16 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Тұрғын үйді су басып кетті деген қоңырауға келген екібастұздық полицейлер жеке үйден электр тоғының соғуынан қайтыс болған ер адам мен әйелдің мәйітін тапты.
 
13 ақпан күні Екібастұз қаласының тұрғынынан Б.Жырау көшесі мекенжайы бойынша жылыту радиаторларының зақымдануына байланысты тұрғын үй-жайды су басқаны туралы хабарлама келіп түсті.
 

Шақыртуды пысықтау барысында жеке тұрғын үйден 1959 ж.т. ер адамның және 1965 ж.т. әйелдің зорлық-зомбылық белгілерінсіз мәйіттері табылды. Тексеру кезінде қонақ бөлмесінде еденде ашық сымдары бар электр жылытқышы бар екендігі анықталды", - деп хабарлайды Polisia.kz.

 
Бұл факті Екібастұз қаласының ПБ-да тіркелді.
 
14 ақпанда Павлодар облысы бойынша Екібастұз-Баянауыл АА ССИ мәйіттерді сот-медициналық зерттеу қорытындысы бойынша алдын ала "Техникалық электротоғымен зақымдану" диагнозы қойылды.
 
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.

Ақпарат көзі: Polisia.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны