26.01.2022, 17:37 24296

Экология вице-министрі мен "ӨКМ Операторы" басшысы ұсталды

Экология вице-министрі мен "ӨКМ Операторы" басшысы ұсталды
Сурет: primeminister.kz
НҰР-СҰЛТАН. 26 ҚАҢТАР - Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы ұсталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтың ұсталғанын растайды.
 

Олар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының УҰИ-на қамалды", - деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

 
Еске салайық, 11 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында кәсіпкерлер мен жалпы қоғамда "ӨКМ Операторы" компаниясының қызметіне қатысты көптеген сұрақтар туындап отырғанын атап өтті. 
 

Бұл жеке компанияға қарсы белгілі бір қоғамдық қозғалыс ұйымдастырылды. Мен Үкіметке "ӨКМ Операторының" кәдеге жарату алымын тоқтату және кәдеге жарату алымын жұмсау жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын. Мұнымен мемлекеттік ұйым айналысуы тиіс", - деді Тоқаев.

 
18 қаңтарда ҚР Үкіметі қаулы қабылдады, оған сәйкес "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның кәдеге жарату алымы бойынша қызметі тоқтатылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны