24.09.2021, 20:28 13951

Эльбруста мерт болған альпинистердің саны бес адамға жетті

НАЛЬЧИК. 24 ҚЫРКҮЙЕК - 23 қыркүйек күні кешкісін Эльбруста көмек сұраған альпинистер тобының бес мүшесі қайтыс болды. Бұл туралы РФ ТЖМ Кабардино-Балкария бойынша бас басқармасының бастығы Михаил Надёжин мәлім етті.
 

Өкінішке қарай, бес адамның мәйіті табылды", - деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.


 
Сондай-ақ, ол іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 14 адамды төменге алып түсіп, дәрігерлерге бергендерін атап өтті.
 

Барлық 14 адам апат медицинасы және жедел медициналық жәрдем дәрігерлеріне берілді. Оның ішінде 11-і Нальчик қаласындағы республикалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Үш адам ауруханаға жатудан бас тартты", - деді ол.

 

Құтқарушылар екі адамды құтқарамыз деп ойлап еді, бірақ, өкінішке қарай, олар барған кезде екі адам көз жұмған екен. "Гара-Баши" стансасында, 3900 метр биіктікте апат медицинасы дәрігерлері олардың қайтыс болғанын анықтады", - деді ол.

 
Бұған дейін үш адамның көз жұмғаны хабарланған болатын. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны