25.11.2022, 12:06 10391

Алматыда ElMedia редакциясының кеңсесіне шабуыл жасады деген күдіктілер ұсталды

Күдіктілердің әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы - ұсақ бұзақылық бойынша сараланған.
Алматыда ElMedia редакциясының кеңсесіне шабуыл жасады деген күдіктілер ұсталды
Сурет: видеодан кадр
Алматы. 25 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда ElMedia редакциясының кеңсесіне шабуыл жасады деген 18 жастағы екі күдікті ұсталды.
 
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, ұсталғандардың бірі - Алматы тұрғыны, екіншісі - Тараз қаласының тұрғыны.
 
Күдіктілердің әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы - ұсақ бұзақылық бойынша сараланған.
 
Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады.
 
Ұсталғандар жасаған әрекеттерін мойындады.
 
Істің басқа да мән-жайлары анықталуда.
 
ElMedia редакциясы хабарлағандай, кеше түнде ElMedia редакциясы орналасқан әкімшілік ғимараттың кіреберіс тобының терезелері сынған.
 
Журналистердің айтуынша, бұл кеңсеге жасалған алғашқы шабуыл емес. Мәселен, сайлау алдындағы түні кіре беріс топты таспен атқылаған.
 
Бұған дейін қазан айының ортасында осындай екі шабуыл болған.
 
Ақпарат көзі: Polisia.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны