ІІМ басшысы Алматы облысында қаза тапқан полицейлердің отбасыларына мемлекеттік наградалар тапсырды
Сурет: Polisia.kz
Біздің әріптестеріміз, полиция лейтенанты Дархан Барғанаев және әділет прапорщигі Ербол Ержанов өмірінің соңғы сәтіне дейін Отанға, халыққа деген адалдығын абыроймен көрсетті. Олар біз үшін әрқашан Отанға адал қызмет етудің, ерліктің және парызға беріктіктің үлгісі болады", – деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.
Ол ішкі істер органдарының қызметкерлері қызмет борышы бойынша әрдайым қылмысқа қарсы күрестің және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алдыңғы қатарында екенін атап өтті. Полицейлердің күнделікті жұмысы өмір мен денсаулыққа қауіп төндіреді. Қиын жағдайларда қызметкерлер бірнеше секунд ішінде жауапты шешімдер қабылдауға мәжбүр, кейде олардың кейбірі адам өмірімен байланысты болып жатады.
Ербол Ержанов ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап қызмет атқарды. Ол жас қызметкерлерге тәлімгер болды және екі баланы тәрбиелеп отырған кәсіби, адал қызметкер ретінде көпке үлгі болды.
Дархан Барғанаев ІІО жүйесінде қызметін 2011 жылы бастады. Қызмет еткен жылдары ол өзінің кәсібилігін арттырып, қауіпсіздікті жақсартуға ұмтылды.
Ақпарат көзі: Polisia.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.