12.03.2021, 21:45 18502

ІІМ басшысы оқшаулау кезінде балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы статистиканы жариялады

Нұр-Сұлтан. 12 наурыз. Kazakhstan Today - Тұрмыстық зорлық-зомбылық бағатындағы қылмыстардың 80 пайызы азаматтардың жеке үйлерінде орын алды. Бұл туралы Сенаттағы Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.
 

Пандемия кезеңінде өршіген қылмыстық жалғыз түрі - ол тұрмыстық зорлық-зомбылық. Шын мәнінде адамдар тұйық кеңістікте шектеліп, барлық қылмыстар отбасының ішінде орын алды. Яғни осы қоғамдық қатынас секторы полиция тарапынан тиісті қадағалаудан ажырап қалды. Біз барлық күшімізді көшелерге, блокпосттарға, карантиндік іс-шараларға жұмылдырдық", - деді Е. Тұрғымбаев сенаторлардың сұрағына жауап бере отырып.

 
Оның айтуынша, соңғы кездері отбасылардағы өнегелік байланыстарда кемшілік байқалып отыр.
 

Оқшаулану жағдайында адамдардың ұзақ уақыт бойы отыруы, сондай-ақ спирттік ішімдіктерге салынуы зорлық-зомбылықтың 80 пайызы жеке баспанада жасалуына алып келді. Қылмыстардың басым бөлігі жақын қарым-қатынаста болған адамдардың тарапынан болды", - деді министр.

 
Осы орайда ол балаларға қатысты қылмыстарды көбіне жақын байланыста болған адамдар жасаған. Балалар оларға сеніммен қараған. Барлығы 825 қылмыс болды. Олардың 669-ы жақын ортадан жасалған, бұл 81%. 10% - Әкелер мен өгей әкелер. Бірге тұратын аналардың күйеулері, көршілер, туыстар мен таныстар - қалған 80%.
 
Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, кей кездерде баланың анасы өзімен бірге тұратын ер адамды қорғау мақсатында полицияға қарама-қайшы түсініктеме беріп жатады.
 

Қоғам ішкі істер органдары тиісті шаралар қабылдамай жатыр деп жиі сынға алып жатады. Сонымен бірге, бұл мәселеде барша қоғамның, қоғамдық ұйымдардың, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктерінің біріккені маңызды. Бізге психологтар керек", - деді Е. Тұрғымбаев.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, министр елімізде учаскелік инспекторлардың өкілеттігі қалай кеңейтілетінін түсіндірді.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны