09.01.2023, 08:23 29436

ІІМ мен ҰҚК-нің арнайы операциясы барысында Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды

30 кг мефедрон тәркіленді
ІІМ мен ҰҚК-нің арнайы операциясы барысында Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды
Сурет: Polisia.kz
Алматы. 9 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген бірлескен іс-шаралар барысында Алматы облысында орналасқан жасырын есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды.


7 қаңтарда ІІМ және ҰҚК күштерімен ауқымды синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған күдікті ұсталды. Анықталған есірткі зертханасын тінту барысында 30 кг "мефедрон" психотроптық заты және есірткі өндіруге арналған бір тоннадан астам химиялық реактивтер табылып, тәркіленді", - деп хабарлайды Polisia.kz.


Арнайы операция сәтті жүзеге асу үшін прокуратура органдарының келісімі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

Қазіргі уақытта синтетикалық есірткі өндірісіне қажетті жабдықтарды жеткізу арналары және басқа да сыбайластарды анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізілуде. Аталмыш факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады ІІМ.


Бұған дейін Украинаның сегіз азаматы Алматы облысында жасырын есірткі зертханаларын ұйымдастырғаны хабарланған болатын.

Ақпарат көзі: Polisia.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны