27.02.2023, 11:23 28316

ІІМ: жыл басынан бері айналымнан 755 келі есірткі тәркіленді

ІІМ: жыл басынан бері айналымнан 755 келі есірткі тәркіленді
Сурет: Polisia.kz
Алматы полициясы есірткі сатушылардың қылмыстық тобын жойды

Алматы. 27 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Жыл басынан есірткінің заңсыз айналымына қатысты 420 қылмыс анықталды. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі Данияр Оралов айтты.

Осы жылдың басынан бері есірткінің заңсыз айналымына байланысты 420 қылмыс анықталды. Оның ішінде 265-сі - өткізу және 76-сы - заңсыз сақтау фактісі. Заңсыз айналымнан 755 келі есірткі, оның ішінде 270 келі "марихуана", 93 келі "гашиш" және 105 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Есірткі бизнесінің ұйымдасқан түрлеріне қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар жүргізілуде. 1 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. ҚК 262-бабы 1-тармағы "ҰҚТ ұйымдастыру және қатысу" бойынша қылмыстық іс қозғалып, 8 қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 85 келіден астам есірткі тәркіленді", - деді Данияр Оралов министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.


Оның атап өтуінше, синтетикалық есірткінің заңсыз айналымының жолын кесу бойынша тұрақты негізде іс-шаралар өткізіледі. Жыл басынан бері 7 нарколаборатория жойылып, пайдалануға дайын 90 кг астам есірткі және 1,5 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді.

Ақпарат көзі: inform.kz

Сонымен қатар, Polisia.kz ақпарат бойынша, полицияның арнайы жасақтарының көмегімен жүргізілген арнайы іс-шара барысында бес ер адам ұсталды.


Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің хабарлауынша, олардың барлығы да Жамбыл облысы, Шу ауданының тумалары.

Күдіктілер қаланың әр жерінде ұсталды. Мәселен, Қалқаман шағын ауданында 46 жастағы А. есімді азамат құрықталды. Рұқсат етілген тінту кезінде одан сығымдалған гашиш заты салынған төрт бума, 1 млн 150 мың теңге көлеміндегі қолма-қол ақша және ІІО зейнеткерінің жалған куәлігі табылды және тәркіленді. Ал күдіктінің үйінен, үйдің қазандығынан жалпы салмағы 4 келіден асатын гашиш есірткі заты салынған 7 полиэтилен бумасы мен металл таразылар табылды.

Дәл сондай жалған құжат топтың тағы бір мүшесінен - 40 жастағы О. есімді азаматтан тәркіленді. Арнайы іс-шара нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы салмағы 34 келіге жуық гашиш тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды", - деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.


Полицейлердің айтуынша, Алматыға есірткі жеткізу арнасы анықталды. Қазіргі уақытта шөпті әлеуетті пайдаланушылардың ауқымы тексеріліп жатыр.

Ақпарат көзі: Polisia.kz 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны