19.01.2023, 13:26 34876

Италияда қазақ қызы қайтыс болды

ҚР СІМ-де ақпарат расталды
Италияда қазақ қызы қайтыс болды
Сурет: L'Occhio di Salerno
Рим. 19 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Италияның Салерно қаласында 27 жастағы Әсем Жарбосынды көлік қағып, мерт қылды. Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі ресми растады.

Қайғылы оқиғаны растаймыз. Қазір мүрдесін Қазақстанға жеткізу үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Туыстарымен байланыстамыз", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.


Айта кетейік, бүгін еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында 27 жастағы Әсем Жарбосынның Италияда қаза тапқандығы жарияланған еді.

Аталған елдің жергілікті БАҚ таратқан мәліметіне сәйкес, қайғылы оқиға Салерно қаласында орын алған. 17 қаңтар күні Peugeo көлігін басқарған 20 жастағы жүргізуші Джузеппе Верди опера театры маңындағы жаяу жүргіншілер жолында студент қызды қағып кеткен.

БАҚ мәліметтеріне қарағанда, қазақ қызын қаққан жүргізуші оған алғашқы көмек көрсетуге тырысқан, жедел жәрдем шақырған. Алайда, өкінішке орай оны құтқару мүмкін болмады.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны