07.03.2022, 17:30 43781

ҰҚК есірткі арнасын жойды: 114 млн теңгеден астам сомаға есірткі тәркіленді

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Есірткі арнасын жойды, бірқатар аймақтарда күдіктілер ұсталды.
ҰҚК есірткі арнасын жойды: 114 млн теңгеден астам сомаға есірткі тәркіленді
Сурет: ҚР ҰҚК
НҰР-СҰЛТАН. 7 НАУРЫЗ - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Есірткі арнасын жойды, бірқатар аймақтарда күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Ақтөбе қ. екі ҚР азаматын Интернет-ресурстары арқылы психотроптық заттарды өткізді деген күдікпен ұстады, деп хабарлады ҰҚК.

Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 1,7 кг-дан артық «мефедрон» және «?-PVP» психотроптық заттары алынды.

Ү.ж. 25 ақпанда есірткі тобының тағы екі қатысушысы ұсталды, олардан тінту кезінде 2,8 кг-дан артық синтетикалық есірткі алынды.

Сонымен қатар, ү.ж. 2 наурызда Шығыс Қазақстан облысында Алматы қаласынан Өскемен қаласына есірткі тасымалдауға күдікті азамат ұсталды. Тергеу іс-қимылдарында заңсыз айналымнан 1,2 кг психотроптық зат алынды.

Алынған есірткінің «қара нарықтағы» алдын ала құны 114 млн. теңгеден артық сомаға бағаланып отыр. Осы фактілер жөнінде ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. Ақтөбе қ. және Өскемен қ. тергеу соттары көрсетілген адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деп ҰҚК хабарлады.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны